Әуе компаниясы, Қаржы пирамидасы, Жол. 13-ші шілденің топ жаңалықтары

Автор: редактор 13 Шілде, 2022


Кеш жарық, көзі қырақты қыздар мен жігіттер!

📌 Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз.

1️⃣ Red Wings әуе компаниясы Қазақстан мен Ресей арасында екі жаңа рейсті іске қосады.

Яғни, 17 шілдеден бастап әуе компаниясы Алматы – Челябі бағыты бойынша аптасына 1 рейс жасайды. Ал 22 шілдеден бастап Ақтөбе – Жуковский бағыты бойынша жұма және жексенбі күндері аптасына 2 рейс ашуды жоспарлап отыр. Рейстер SU-95 сынды ұшақтармен орындалады.

Енді екі ел арасында қатынау жеңілдейтін болды👍

2️⃣ Тоқаев қаржы пирамидасы туралы заңға қол қойды. Заңға сәйкес қаржы пирамидаларын жарнамалағандар қатаң жауапкершілікке тартылады.

Керемет жаңалық!😍 Түрлі келеңсіз жайттар азаяды деп сенеміз!🙌🏻

3️⃣ Алматыда Медеу ауданында екі көше қиылысы жабылады.

Нақтырақ айтатын болсақ, 15 шілде сағат 22.00-ден 16 шілде сағат 06.00-ге дейін Достық даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысы. Ал 16 шілде сағат 22.00-ден 17 шілде сағат 06.00-ге дейін Бөгенбай батыр және Пушкин көшелерінің қиылысы жабылады.

Бұл туралы «Алматы жылу жүйесі» баспасөз қызметі хабарлады.

«Көшелердің көлік жүретін бөлігі астынан өтетін магистраль құбыржолдар учаскелерінде жоспарлы қайта құрылымдау жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», – делінген хабарламада.