Бәріне сәлем!
Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️
1️⃣ Қазақстан университеттеріне түсуге арналған қабылдау квоталарының көлемі белгіленді.
Бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысынан жоғары оқу орындарына оқуға түсуге арналған қабылдау квотасының мөлшері:
* бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектер, бала кезiнен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтарға – 1%;
* басқа мемлекеттердің аумағындағы соғыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне жеңілдіктер бойынша теңестірілген ардагерлер – 0,5 %;
* ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар – 35 %;
* Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар – 4 %;
* жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар арасынан Қазақстан Республикасының азаматтарына – 1 %;
* ауыл жастары арасынан ел үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын Қазақстан Республикасының азаматтары – 5 %;
* төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасы балалары — 5%;
* кемінде үш жыл осындай мәртебесі бар толық емес отбасылардың балалары — 1%;
* бала кезінен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасы балалары, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер — 1%.
Бұйрық 2023 жылғы 1 тамыздан бастап күшіне енеді.
Қай оқу орнын таңдап жатсыз? 🤔
2️⃣ «Шабыт» университетінің студенттері енді Астанадағы ең қымбат бес жұлдызды қонақ үйде білім алады.
Бұл туралы КТК мәлімдеді.
Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері осы жылдың басында білім алып отырған ғимараттың шатырынан су сорғалап, тарақан жорғалап жүргенін айтып шағымданған. Әуелде 600 студентке шақталып салынған оқу орынына бүгінге дейін 3000 адам зорға сыйып келген. Қаражат бөлініп, нысанда жөндеу жұмысы басталып кетіпті.
«Ғимарат толық күрделі жөндеуден өткізіліп, аумағы біршама кеңейеді» — дейді шаруашылық бөлімінің жетекшісі.
Жөндеуді түгел аяқтау шамамен бір жарым жылға жоспарланған. Ал оған дейін студенттер Астанадағы бес жұлдызды «Рамада Плаза» қонақ үйін паналайды. Нысан қазір денсаулық сақтау министрлігінің қарамағында. Мәдениет және спорт мининстрлігі аталған ведомствомен келісімге келіп, ғимараттың 23 мың шаршы аумағын, яғни 67 пайызын пайдаланбақшы. Қалған бөлігі медициналық университеттің иелігінде.
«Қазақ ұлттық өнер университеті көшіріледі. Университет әкімшілігі, оқытушылар мен аудиториялар толық жасақталуда. Сабақ та сонда өтеді. Ал «Шабыт» университетінің ғимараты күрделі жөндеуді қажет ететіні туралы әкімдік пен төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы шешімі бар», — дейді Қазақ ұлттық өнер университеті шаруашылық бөлімінің жетекшісі Тоқтарбек Есенов.
Мұндай өзгеріске қалай қарайсыз?
3️⃣ Қазақстанда қыз-келіншектер мен аналар денсаулығын бақылайтын “Ма!Ма!” атты тегін мобильді қосымша пайда болды.
Бұл қолданба – 100 мыңдаған аналардың ортақ бірлестігі. Ал қыздар барлық құпия сұрақтарына жауап таба алады.
Мұнда тәжірибелі аналарға түрлі сауалдар қойып, өзара пікір алмасуға болады. Білікті дәрігерлер әйелдерді мазалаған мәселеге аудио түрінде жеке жауап береді.
Қолданбада мамандардың пайдалы видеокеңестері бар. Сондай-ақ жүктілікті бақылайтын ең ыңғайлы күнтізбе де осында.
Ендеше үйде отырып-ақ денсаулыңызды күтуге асығыңыз. Мобильді қолданбаны App Store, Play Market-тен дәл қазір жүктеп алыңыз.
Тамаша!😍 Қосымшаны жүктеп алғандар бар ма?