URKER – 2022, Төреғали Төреәлі,Елена Рыбакина.6-шы қазанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 06 Қазан, 2022


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️

1️⃣Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Чехиядағы WTA сериясы турнирінің екінші айналымында жеңіске жетті

Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

1/4 финалға жолдама беретін матчта ол беларуссиялық Александра Сосновичтен басым түсті – 6:7, 6:4, 7:5.
Кортта теннисшілер екі жарым сағат өткізді. Келесі айналымда чех спортшысы Петра Квитовамен кездеседі.

Құттықтаймыз!😍💐💐

2️⃣ Төреғали Төреәлі өзі соққыға жыққан гид жігітпен бір мәмілеге келгенін жеткізді.

«Төреғали Төреәліге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі негізінде СДТБТ-да тіркелген қылмыстық іс бойынша тараптар татуласқанын хабарлаймыз. Нәтижесінде қылмыстық іске қатысты тергеу тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылады.
ҚР Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларына сәйкес, өлім-жітімге байланысты емес, ауырлығы аз немесе орташа қылмыс жасаған адам жәбірленушімен татуласса әрі келтірілген зиянды түзетсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылады», – делінген Полиция департаменті хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін TikTok-та әнші Төреғали Төреәлі белгісіз ер адамды ұрып тастаған делінген видео тарағаны хабарланған болатын. Кейінірек Алматы облысы Полиция департаменті бастығының тергеу бойынша орынбасары Рустам Әбдірахманов бұл іске қатысты пікір білдірген еді. Cонымен қатар, әнші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынғаны белгілі болды.

Бұл хайп болды ма? Қалай ойлайсың? 🤔

3️⃣ Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздіктерді анықтау үшін «URKER – 2022» Ұлттық бәйгесіне өтінімдер қабылдау басталды.

Байқауға өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 30 қыркүйектен бастап 19 қазанға дейін жүзеге асырылады.
Конкурстық жұмыстар 2021 жылғы 2 маусым мен 2022 жылғы 29 қыркүйек аралығында жарияланып, басылымында, интернет-ресурста жариялануы немесе радиоэфирде шығуы тиіс. Әр үміткер бәйгенің тек екі номинациясына қатысуға құқылы.

Өтінімдер urker-awards.kz ресми сайтында 10 номинация бойынша қабылданады:
* Жылдың үздік сұхбаты;
* Жылдың үздік репортажы;
* Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал;
* Жылдың үздік журналистік зерттеуі;
* Жылдың үздік аналитикалық материалы;
* Халықаралық тақырыптағы үздік материал;
* Жылдың үздік жаңалықтар порталы;
* Радиостанциядағы үздік жоба;
* Жылдың үздік фотосуреті;
* Үздік өңірлік БАҚ.

Сіз де қатысып, бағыңызды сынап көріңіз!🔥👍