Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!
Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅
1️⃣ Түркістандық оқушылар робототехника жарысында 1-орынды иеленіп, жеңімпаз атанды
Алматы қаласында «Almaty Tech Cup X» робототехника және инновациялық технологиялар бойынша X дүбірлі ашық чемпионат өтті. Республикалық додада қазығұрттық оқушылар командалық есепте 1-орынды иеленді.
Чемпионатқа Қазығұрт ауданынан «Qazygurt» және «Rob» командалары робот тапсырмалары мен инновациялық жобалар бойынша сынға түсті. Нәтижесінде қазығұрттық командалар «Champions award finalist», «Innovation Awards finalist», «Robot performance award finalist» жүлделеріне ие болды. Сондай-ақ, жеңімпаздар Қырғызстан елінде өтетін чемпионатқа жолдама алды. Жарыс — білім беру ұйымдарының оқушыларын біріктіру, сондай-ақ жастардың робототехникасы мен инженерлік дағдыларын дамытуға ықпал ету мақсатында ұйымдастырылған.
Құтты болсын!👍
2️⃣ Жаңа оқу жылы қарсаңында студенттерді тасымалдауға арналған қосымша вагондар іске қосылады
Ведомствоның мәліметінше бұл шара Батыс өңірінің тұрғындарының сұранысына байланысты қолға алынған.
«Пойыздар Ақтау және Атырау қалаларынан шығып, Алматы қаласына дейін студенттерді тасымалдайды. Кондиционері бар жаңа вагондар жазғы уақытта еліміздің аумағы бойынша басқа бағыттарға қатынайды, сол себепті жоғарыда аталған вагондарда кондиционер жүйесі болмайды», — дейді министрлік.
Маршруттарға нақты тоқталсақ: Ақтау-Алматы бағытында қосымша 360 жолаушыға арналған 8 жолаушы вагоны қатынайды. Бұл бағыттағы вагон 21 тамыз күні Ақтаудан шығып, 23 тамыз күні Алматыға жетеді. Атырау-Алматы бағытына теміржолшылар қосымша 3 вагон қосады. Бұл вагондар 540 жолаушыға арналған.
Атырау-Алматы бағытында пойыздар 16,18,20,22 тамызда қатынайды. Студенттер Ақтау және Атырау қалаларының вокзалдарынан теміржол билеттерін сатып ала алады.
Студенттердің өтінішіне сәйкес Көлік министрлігі қосымша вагондар тіркеуге дайын.
Естеріңізге сала кетейік, биыл жаңа вагондар паркі 140 бірлікке жаңартылады. Келесі жылы тағы 226 жаңа вагон келеді. Вагондар паркін жаңарту жұмыстары жалғасуда.
Тамаша мүмкіндік🔥
3️⃣ Оқушыларға қысқа белдемше киюге тыйым салынуы мүмкін.
Петицияға арналған платформада мектеп оқушылары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарға толықтырулар енгізу туралы ұсыныс пайда болды.
Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарға сәйкес оның үлгісі, түсі классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында жасалады, үшеуден асырмай түстерді араластыруға рұқсат етіледі. Мектеп формасының түсі қалыпты және ашық емес түстерден таңдалады. Қазақстанда ұлдардың мектеп формасы келесідей: пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады. Қыздардың мектеп формасы төмендегідей: пиджак, жилет, белдемше, шалбар, классикалық жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады. Енді аталмыш петицияда оқушыларға тізеден төмен түсіп тұратын белдемше мен декольтені, яғни кеуденің жоғарғы тұсын жауып тұратын блузка кию туралы талапты енгізу ұсынылады.
Бұған не дейсіз?🤔