Вакцина, Университет, Салық комитеті. 27-ші шілденің топ жаңалықтары

Автор: редактор 27 июля, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ Елімізде коронавирусқа қарсы QazVac вакцинасы ғана пайдаланылуы мүмкін.

Себебі қазіргі уақытта отандық QazVac шығаратын зауыт ішкі қажеттілікті толығымен жабуға қауқарлы.

Болашақта қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы вакцина алу үшін отандық QazVac қана ұсынылуы мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.

Вице-министр Pfizer тек жасөспірімдер, жүкті әйелдер және бала емізетін аналар үшін ғана сатып алынатынын атап өтті.

Вакцина алдың ба?🤔

2️⃣ Қазақстанда тағы алты университет жабылуы мүмкін. Бұған қатысты шешім сотта қаралып жатыр.

«Академиялық дербестікті кеңейтумен қатар, жауапкершілігі төмен университеттерді жауып, сапаны қамтамасыз ете алмайтын ЖОО-ларды қайта бейіндеу бойынша күрделі жұмыстар жүргіздік. Нәтижесінде 15 ЖОО жабылды. Бұдан бөлек, қосымша 6 оқу орнын жабуға қатысты шешімімізге шағым беріліп, ол сотта қаралып жатыр. Оның жалпы саны 21-ге жетіп отыр», — деп жазды министр әлеуметтік желідегі парақшасында.


3️⃣ Салық комитеті Грузия мен Әзербайжаннан көлік алғысы келетіндерге үндеу жасады.

«МКК уақытша әкелінген көлік құралдарын сатып алуға және Қазақстан аумағында пайдалануға тек кедендік тазартудан соң және сәйкесінше тиесілі кедендік алымдар мен салықтарды төлеген соң ғана қолдануға болатынын ескертеді», — делінген хабарламада.