Вейп, Қаржы пирамидасы, Жаңа облыстар. 8-ші мамырдың топ жаңалықтары

Автор: редактор 08 Маусым, 2022


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️

1️⃣ Қазақстанда вейптерді тартуға және сатуға тыйым салынады. Бұл туралы мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов мәлімдеді.

Сен құптайсың ба?🤔

2️⃣ Қаржы пирамидасын жарнамалаған блогерлер мен вайнерлер қылмыстық жазаға тартылатын болды. Мәжіліс депутаты Юрий Ли қаржы пирамидаларын жарнамалау бойынша Қылмыстық кодекске 217.1 бап енгізілетінін атап өтті.

Мұндай жағдайда қылмыстық жазаның бірінші тармағы бойынша 6 миллион көлемінде айыппұл салынып, 2 жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ал қылмыстық жазаның 4-тармағы бойынша, мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

✍🏻 Президент жарлыққа қол қойса, заң өз күшіне енетін болады.

3️⃣ Қазақстанда ресми түрде үш облыс құрылды. Нақтырақ айтатын болсақ, Абай облысы, Жетісу облысы, Ұлытау облысы.

4 мамыр президент Қасым-Жомарт Тоқаев әкімшілік-аумақтық құрылысқа өзгеріс енгізіп, үш облыстық құру туралы жарлыққа қойған болатын. 8 маусым осы құжат ресми түрде қолданысқа енді.

Жаңа облыстар құтты болсын!😍👍

Аталмыш облыстардан кім бар?)