Бәріне сәлем!
Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️
1️⃣ Әмір Омарханов теннистен жасөспірімдер арасында әлемде 15-орынға көтерілді.
ITF әлемдік рейтингіні жария етті. Осы тұста 16 жастағы Әмір Омарханов 16-дан 15-орынға көтерілді.
Осылайша, Әмір өзінің үздік көрсеткішіне (2024 жылғы ақпан, №12) жақындап келеді.
Қазіргі кезде Астанада Президент кубогі үшін ересектер арасында челленджер турнирінде өнер көрсетіп жатқан Омарханов алдағы аптада 4 ұпаймен алғаш рет ATP рейтингісіне де кіреді.
Құтты болсын!👍
2️⃣ Қазақстанда әлеуметтік желілердегі заңсыз лотереяларға қарсы күрес басталды.
Қазақстанда алғаш рет әлеуметтік желілердегі заңсыз лотереяларға қарсы күрес жұмыстары басталды. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев айтты.
Лотереялар ойнатуға айрықша құқық лотерея операторына және оның агенттеріне берілген. Ал заңсыз лотерея ұйымдастырғандарға 4 млн теңге айыппұл салынады.
“Бүгінгі таңда 16 азамат айыппұл төлеп, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушылық туралы 30 хаттама соттың қарауына жолданды, әлеуметтік желілерде заңсыз ұтыс ойындарын өткізуге қатысты тағы 35 факті тіркелді. Ұйымдастырғандарды жауапқа тарту үшін материалдар жиналуда», — деді Төлебаев.
Министрлік интернет-ойынханалар мен заңсыз букмекерлік сайттарды ұйымдастырушыларды анықтау бойынша жұмыс жүргізуде. Бүгінгі таңда осындай 15 ресурстың 3 ұйымдастырушысы анықталды, оның ішінде оларға төлем жасау және эквайринг қызметтерін көрсеткен жергілікті қаржы ұйымдары да бар.
«Олар бойынша материалдар Алматы қаласы мен басқа өңірлердің экономикалық тергеу департаменттеріне жолданды», — деді спикер.
Лотерея ұйымдастыратын блогерлер көбейіп кетіп еді, дұрыс болыпты📌
3️⃣ Алматыда онлайн сатылған 8 мың вейп тәркіленді.
Алматы полициясы 8 мың вейпті тәркіледі. Құқық бұзушылар бұл өнімдерді онлайн платформаларда сатқан.
“Мессенджерлер арқылы күдіктілер тауардың саны мен жеткізілетін мекенжайы көрсетілген онлайн тапсырыстар алып отырған. Сатып алушыға жеткізу курьерлік қызметтер арқылы жүзеге асырылды. Вейп көпқабатты үйлердің жертөлесінде, компьютерлік клубтардың ішінде, бір сөзбен айтқанда, құпиялылық шараларын сақтай отырып орналастырылған. Бір кездері жұмыс істеген ресми дүкендер жабылғандықтан, онлайн түрде тыйым салынған вейптерді сату деректері бар. Тек соңғы 24 сағаттың ішінде заңсыз айналымнан 8 мыңнан астам вейп пен оның құрамдас бөліктері тәркіленді”, — деді Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қуатбек Науатов.
Тыйым салынған дүниеден аулақ жүріңіздер!🙌🏻