Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!
Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅
1️⃣”Веном: соңғы би” фантастикалық фильмі Қазақстан, Орталық Азия және Кавказ елдерінің арасында 2 млрд теңгеден астам касса жинады
Бүгінде аталмыш елдер арасындағы нақты түсім 2,05 миллиард теңгені, яғни 4,2 миллион АҚШ долларын құрады.
Бұл – соңғы үш жылда Sony Pictures фильмдерінің ішіндегі Қазақстанда ең үздік көрсеткішке ие болған премьера. Сондай-ақ 2024 жылы фильмдер арасында демалыс күндері ең жоғары түсім жинаған әрі “Веном” франшизасындағы ең сәтті бастама болды.
Фильмнің қазақ тіліндегі нұсқасы – “Веном: Соңғы би” Қазақстанда 48 миллион теңгеден астам түсім жинады.
Сонымен қатар киноиндустрияда брендтермен бірлесіп істеген жарнама науқандарын өткізу – аудитория мен қызығушылықтарды біріктіруге арналған тиімді әдіс екенін атап өткен жөн.
Қазақстанда мұндай коллаборацияны @citix_me жүзеге асырды. Бұл – еліміз үшін Sony Pictures Entertainment сияқты ірі студияның кинопремьерасына сыртқы жарнама саласындағы сарапшылардың медиялық қолдау көрсеткен алғашқы оқиғасы болды.
Сізге фильм ұнады ма?😍
2️⃣ Енді шұғыл әскерге шақыру туралы мәліметті eGov Mobile қосымшасынан көруге болады
«Пайдаланушылар өздерінің әскери қызметке шақырылу мәртебесі мен әскери қызметке шақыру туралы ақпаратты смартфонынан тікелей қарап, бөлісе алады. Жаңа функциялар деректерге қолжетімділікті одан әрі ыңғайлы және жеңіл етеді», — деп жазылған хабарламада.
Қосымшаның жаңартылған нұсқасында екі жаңа цифрлық мәліметтер қолжетімді:
1. Әскери қызметке шақыру туралы ақпарат – азаматтың шақыру мәртебесі, сондай-ақ шақыру мерзімі туралы толық деректер;
2. Әскери қызметке қатысуға қатысты мәліметтер – азаматтың әскери міндеттілік мәртебесі туралы өзекті ақпарат.
Азамат өз мәліметін ЖСН, компанияның БСН-і немесе мобильді азаматтар базасына тіркелген телефон нөмірі арқылы өз бетінше жібере алады. Сонымен қатар деректерді жұмыс берушінің тікелей сұрауы салуы бойынша да жіберуге болады — ол үшін жұмыс беруші ЖСН немесе телефон нөмірі арқылы сұрау салу жібереді. Содан кейін пайдаланушы хабарлама алады және сұрау салуды растайды немесе оны кері қайтарады. Деректерді eGov Mobile қосымшасына тікелей сілтеме арқылы мессенджерлер немесе пошта арқылы жіберуге болады.
Сервисті пайдалану үшін:
eGov Mobile қосымшасында авторизацияланып, «Мәліметтер» бөліміне өту;
«Тарих» бөлімінде мәліметтерге қол жетімділік беруге келген сұрау салуларды қарап шығу;
мәліметтерді беруге рұқсат беру немесе сұрау салуды қабылдамау;
қажет болған жағдайда, бұрын берілген мәліметтерді «Қайтарып алу» батырмасын басу арқылы қайтарып алу қажет.
Бұдан басқа, пайдаланушылар мәліметтерге сұрау салулар тарихын тексеріп, қажет болған жағдайда бұрын берілген мәліметтерге қолжетімділікті басқаруға, оларды қайтарып алуға мүмкіндігі бар.
Тағы бір жаңа қызмет іске қосылыпты👍
3️⃣ Қазақстанда жылқы шаруашылығы институты құрылады
Бүгін ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында мемлекет басшысы жылқы саны үздіксіз өсіп келе жатқанын, бірақ асыл тұқымды жылқының үлесі бір пайызға да жетпейтінін ерекше атап өтті. Ресми мәліметк сәйкес, 4,2 миллион жылқының 40 мыңы ғана асыл тұқымды. Сондықтан мал тұқымын асылдандыру жұмысына баса мән берген жөн.
«Биыл қазақ жылқысының тұқымын сақтау және көбейту үшін арнайы заң қабылдадық. Енді бұл бағытта тағы бір маңызды қадам жасаймыз. Мен Үкіметке Жылқы шаруашылығы институтын құруды тапсырамын. Білікті мамандар мұны көптен бері айтып жүр. Құзырлы органдар қысқа мерзім ішінде осы мәселені пысықтап, қаржы көздерін нақтылауы керек», — деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы Қостанай жылқысының жоғалып кетудің аз-ақ алдында тұрғанын да жеткізді. Бүгінде небәрі 280 бас қалды.
Тамаша!🔥