Виза, Азия дауысы, TikTok. 12 сәуірдің топ жаңалықтары

Автор: редактор 12 Сәуір, 2023


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ Халықаралық “Азия даусы” фестивалі 8-12 жас аралығындағы балаларды “Жас Қанат. Балалар” конкурсының жүргізушілер кастингіне шақырады! 😍

Шарты: Қатысушылар қазақ немесе орыс тілдерін білуі қажет. (Екі тілді жетік меңгерсеңіз, тіпті жақсы)

Өтетін күні: 22-23 сәуір
Сағат: 11:00-15:00 аралығы
Мекенжай: Кашгарская көшесі, 69/102, MediaCafe

Сен де өз бағыңды сынап көр! Бәлкім, еліміздің жаңа жұлдызы сен атанатын шығарсың!🤲🏻😉

📞 Толық ақпарат алу үшін мына номерге хабараласа аласыздар: What’s App – 87016720167

2️⃣ Елімізде TikTok-та отыруға тыйым салу ұсынылды.

Мәжіліс депутаты Аманжол Алтай кәмелетке толмағандардың TikTok желісін пайдалануға тыйым салуды ұсынды.

Депутаттың айтуынша, соңғы уақытта жасөспірімдер арасында жантүршігерлік оқиғалар жиілеп кеткен. Сонымен қатар бала тәрбиесінің мектеп пен үйде, жалпы қоғамда әлі де шешімін таппай келе жатқанын тілге тиек етті.

«Түркістандағы мектеп оқушысының өлімі, Қазалыдағы қатты соққылардан комаға түскен баланы айуандықпен соққыға жыққан жасөспірімдердің бұзақылығы, Өскеменде өрімдей қызды шешіндіріп қойып, аяусыз сабап жатқан тәрбиесіз қыздардың жиіркенішті әрекеттері – менің бүгінгі уайымым», – деді депутат.

Осы тұста, Аманжол Алтай Қазақстанда балаларға шексіз қызмет көрсететін TikTok әлеуметтік желісін кәмелетке толмағандар арасында пайдалануға тыйым салу керек екенін алға тартып, ұсыныс тастады

Сен бұл ұсынысты қолдайсың ба?🤔

3️⃣ Қазақстан мен Қытай өзара визасыз режим енгізеді.

Қазақстан мен Қытай Үкіметі екі бағытта да өз азаматтары үшін визасыз режим енгізуді жоспарлап отыр. Мұндай қаулының жобасын Сыртқы істер министрлігі әзірледі.

Құжатқа сәйкес, қазақстандықтар Қытайда, ал ҚХР азаматтары Қазақстанда визасыз бола алады, шекарадан өткен сәттен бастап 30 күннен және 180 күндік кезеңде 90 күннен аспайтын мерзімде бола алады.

Егер осы елдердің бірінің азаматтары екінші тарап мемлекетінің аумағында көзделген мерзімнен ұзағырақ қалуға ниет білдірсе, онда олар мемлекет аумағына кіргенге дейін тиісті визаға жүгінуге тиіс.

Қазақстандықтар үшін жарамды жол жүру құжаттары:

* ҚР азаматтының төлқұжаты;
* ҚР аумағына қайту туралы куәлік.

Қытай азаматтары үшін:

* ҚХР азаматының жартылай қызметтік төлқұжаты;
* ҚХР азаматының төлқұжаты;
* уақытша жол жүру құжаты.

«Келісімге қол қою Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы тығыз ынтымақтастықты нығайтуға серпін береді», – делінген қаулыда.
Құжат 19 сәуірге дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында жарияланды.

Енді құжатқа сәйкес, қазақстандықтар Қытайда, ал ҚХР азаматтары Қазақстанда визасыз бола алады.👍🔥