WhatsApp, EGov,Поезд. 22 қарашаның топ жаңалықтары

Автор: редактор 22 ноября, 2024


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңызға бүгінгі күннің кезекті ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз!✔️

1️⃣ WhatsApp-та дауыс хабарламаларын мәтінге айналдыратын тегін функция қосылды

Әзірге ағылшын және орыс тіліндегі дауыс хабарламаларын мәтінге айналдыруға мүмкіндік бар.

Бұл қызметті пайдалану үшін “Баптаулар” мәзіріне кіріп, “Чаттар” бөлімінде “Дауыс хабарламаларын мәтінге айналдыру” тармағын таңдап, қажетті тіл пакетін жүктеу жеткілікті.

Әзірлеушілердің айтуынша, Android және iOS платформаларында бұл функцияны қолдайтын тілдер тізімі әртүрлі болуы мүмкін, бірақ орыс және ағылшын тілдері екі жүйеде де бар.

Хабарламаны мәтінге түрлендіру үшін оны басып ұстап тұрып, ашылған мәзірден “Транскрипциялау” батырмасын таңдау қажет.

Әзірлеушілер бұл процесс құрылғыңызда ғана жүзеге асатынын, осылайша жеке хабарламаларыңыздың құпия түрде сақталатынын атап өтті. Яғни, олар WhatsApp серверлеріне жіберілмейді.

Жаңа функция алдағы аптада бірнеше тілде қолжетімді болмақ. Ал басқа тілдер ретімен қосылып отырады.

Қолданып көрдіңіз бе?😶

2️⃣ Елімізде жаңа жыл кезінде пойыз билеттеріне жеңілдік жасалады

“Жолаушылар тасымалы” компаниясы теміржол билеттеріне қысқы жеңілдік жариялады.

Компания мәліметінше, ол 31 желтоқсанда қатынайтын пойыздарға қолданылады. Ал жеңілтеліген билеттерді 1 желтоқсанға дейін сатып алу керек.

Мына бағыттарға билет бағасы 25% жеңілдікпен ұсынылады:
№26 «Шымкент – Алматы»
№86 «Шымкент – Астана»
№12 «Шымкент – Алматы-2»
№77/78 «Алматы – Маңғыстау»
№47 «Астана – Атырау»
№691/692 «Атырау – Ақтөбе»
№313 «Маңғыстау – Атырау»
№605/606 «Балқаш – Қарағанды»
№351/352 «Алматы-2 – Өскемен-1»
№34 «Ақтөбе – Алматы-1»

Керемет! 🔥

3️⃣ eGov қосымшасында уақытты өзгерту туралы сауалнама пайда болды

Сауалнама бір күн бұрын іске қосылған. Сауалнамадан өту үшін eGov мобильді қосымшасында «Хабарламалар» бөліміне өтіп, «Сауалнамалар» бөлімін таңдайсыз.

Мұнда әуелі қазақстандықтар үшін қай сағат белдеуі маңызды екені сұралады. Таңдауға болатын төрт жауап нұсқасы бар:

* UTC+5;
* UTC+6;
* «Маған бәрібір»;
* «Білмеймін».

Сауалнамада уақытқа қатысты 5 сұрақ қойылады.

Мұнда осы мәселеге байланысты қандай өзгерісті қалайтыныңыз сұралады. «Ештеңені өзгертпей, бәрі сол күйінде қалсын», «Уақытты жыл мезгіліне (жаз/қыс) қарай өзгерту керек», «Алдыңғы уақытқа оралу керек» деп ұсыныс білдіре аласыз.

Сіз сауалнамаға қатыстыңыз ба?🤔