WhatsApp, Төлем, Жас. 4 қыркүйектің топ жаңалықтары

Автор: редактор 04 Қыркүйек, 2023


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅

1️⃣ Төтенше жағдайлар министрі WhatsApp-нөмірін жариялады.

WhatsApp мессенджерінде төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтің ведомствоның жеке құрамына арналған телефон нөмірі іске қосылды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Министрмен тікелей байланыс желісі 4 қыркүйекте жұмысын бастады.

«Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері, сонымен қатар азаматтық қорғау органдарының ардагерлері өз сұрақтарын + 7 747 651 75 88 нөмірі бойынша министрге тікелей жолдай алады», – делінген хабарламада.

Сұрақ мәселенің түпкі негізін көрсететін нақты және түсінікті болуы қажет. Хабарламаны жіберген кезде өзі туралы деректерді: аты-жөні мен лауазымын, тұрғылықты өңірді көрсету маңызды.

Тікелей байланыс желісі бүгін жұмысын бастады.👍

2️⃣ 2024 жылы 1 қаңтардан бастап кейбір әлеуметтік төлемдердің мөлшері көтеріледі.

Тиісті үкімет қаулысы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
«2024 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалған еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 7 пайызға арттыру жүргізілсін», – делінген құжатта.

Қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді.

Құжат 15 қыркүйекке дейін қоғам талқысына шығарылды.

Жақындарыңызды хабардар етіп қойыңыз.📌

3️⃣ Қазақстандықтардың орташа жасы анықталды.

«2018 жылдан бастап орташа жас ұлғайды. Орта жастағы өсім ерлер мен әйелдер арасында да, ауыл мен қала тұрғындары арасында да байқалды. Биыл еркектердің орташа жасы – 30,5, ал әйелдердің орташа жасы – 33,7. Қала тұрғындарының орташа жасы ауыл тұрғындарына қарағанда жоғары, сәйкесінше 32,6 және 31,5 жас», – делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.
СҚО–дағы өңірлер арасында ең жоғары орташа жас – 38,9 жас, Маңғыстау және Түркістан облыстарында ең төменгі жас – 27,6 жас.

Ұлттық статистика бюросының ресми мәліметі бойынша, 2023 жылдың басында қазақстандықтардың орташа жасы – 32 жас.✔️