XVI «Еуразия», Денис Никиша, Онлайн сауда. 19 желтоқсанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 19 Желтоқсан, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!📌

1️⃣ Қазақстанда онлайн саудада ең көп сатылатын тауарлар белгілі болды. Бұл – киім мен спорттық тауарлар.

Тоғыз айдың көрсеткіші бойынша онлайн-тәсілмен 59,2 триллион теңгеге 3,8 миллиард төлем транзакциясы жүргізілді. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 33,7%-ке артық.

Сатылым санына сәйкес, бірінші орында киім, спорттық тауарлар болса, екінші орында азық-түлік өнімдері болып тұр.

Сонымен қатар дәрі, косметика, үйде пайдалануға арналған тауарлар, кітап, журнал, газет, фильм, музыка да онлайн саудада жиі сатылады.

Ал сен қандай тауарды жиі сатып аласың? 🤔🤔🤔

2️⃣ XVI «Еуразия» кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды.

Мұнда көрермендер мен қатысушылар 25 елдің кинокартиналарын тамашалады😍👍

Фестивальдің түрлі бағдарламаларына елу фильм қатысты, олардың үшеуі – «Әдемі Елена», «Боран» және «Ауыл» картиналарының көрсетілімдері әлемдік премьераларға айналды. Фестивальдің беделді қазылар алқасы көрсетілімдерді қорытындылап, бірнеше номинациялар бойынша конкурстық бағдарламалардың жеңімпаздарын анықтады.

Халықаралық конкурс бағдарламасы:
«Үздік фильм» номинациясын қырғыздық режиссер Ақтан Арым Кубаттың «Эсимде» фильмі жеңіп алды.
здік режиссер ретінде грузиялық Леван Когуашвили танылды. Ол фестивальде «4-ші Брайтон» фильмін көрсетті.
Ал ең жақсы режиссерлік жұмыс үшін Асиф Рустамов марапатталды. Әзірбайжанның «Мәрмәр тастай суық» фильмі үздіктер қатарында көрінді.
«Ешқайда апармайтын жол» фильмі үшін қазылар алқасының арнайы сыйлығын өзбекстандық Камара Камалова иеленді. Үздік ер адам рөлі ирандық Навид Мохаммадзадеге бұйырды. Ол «Қабырға артында» фильмінде ойнаған.

«Үздік әйел рөлі» номинациясы қытайлық Шен Ши Ю-ге бұйырды Ол «Әйел» фильмінде өз ролін аса шеберлікпен сомдаған.
Сондай-ақ қазылар алқасының дипломы «Боран» фильміндегі рөлі үшін қазақстандық Катай Даулиге бұйырды. Фестивальде сонымен қатар, Саха республикасының режиссері Борисова Любовь пен чехиялық Петр Вацлав та жүлделі орындарға ие болды.
Ұлттық конкурс бағдарламасы аясында режиссер Шәріп Оразбаевты «Қызыл анар» фильмі «Үздік фильм» номинациясын алды. Үздік режиссерлік жұмысы үшін Серік Апрымов марапатталды. Ал үздік ер адам ролін Әлихан Әбілдин, үздік әйел рөлі номинациясын – Ольга Ландина жеңіп алды.

3️⃣ Денис Никиша шорт-тректен әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды.

Шорт-трек бойынша Қазақстан командасының көшбасшыларының бірі Денис Никиша Алматыда өткен Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды.

Денис 500 метр қашықтықта жеңіске жетті.

Одан кейін оңтүстік кореялық Яжан Сунву аяқтады. Үздік үштіктің қатарына Бельгиядан келген Стижн Десмет те кірді.

Құтты болсын!🔥🔥🔥