Яндекс, Миллиард, Метро. 12 шілденің топ жаңалықтары

Автор: редактор 12 июля, 2024


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅

1️⃣ “Яндекс” компаниясы демеушілік ететінін білген британдық Editors рок-тобы Алматыдағы концертінен бас тартты.

Британдық Editors рок-тобы Алматыда 6-8 қыркүйекте Первомайский тоғанында өтетін Яндекс Парк Live музыка фестивалінде өнер көрсетуден бас тартты.

“Біз шараның демеушілері туралы білгенннен кейін қатысудан бас тартуды ұйғардық. Біз болашақта Қазақстанның басқа іс-шараларында төбе көрсетеміз деп үміттенеміз”, — делінген топтың Facebook-тегі парақшасында.

Ал топтың әлеуметтік желілерінде қолданушылар ағылшын тілінде: “Яндекстің қандай компания екенін білесіз бе?”, “Сіз адам өліміне демеушілік жасайсыз!” деп жазды.

Сіз бұған не дейсіз?🤔

2️⃣ Әлем халқының саны 6 жылда жарты миллиардқа көбеюі мүмкін.

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше әлем халқының саны 6 жылда жарты миллиардқа артуы мүмкін. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

2050 жылы 9,7 млрд, ал 2100 жылға қарай 11 миллиард болады деген болжам бар. Дегенмен кей ел халқының санын өсіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасаса, өзгелері, керісінше, шектеу қойып жатыр.
Қытайда бала туу азайды. Сондықтан үкімет салық жеңілдіктері, ақшалай ынталандыру, медициналық сақтандыру, тұрғын үйге көмекқаржы беріп әлек. Ал Үндістанда, керісінше, бала тууды шектеп жатыр. Билік 2-ден көп баласы бар адамдарға лауазымды орынды иеленуге тыйым салды. Бұл – үлкен шектеу. Өйткені үнді елінде мемлекеттік қызмет – жалақысы ең жоғары жұмыс.

Жалпы әлемде жасы 65-тен асқан адамдар саны 5,5%-тен 10,3%-ке артты. Бұл – кейінгі жарты ғасырдағы өсім. Есепті Біріккен Ұлттар Ұйымының Халық саны жөніндегі қоры жариялады.

«2000 жылдан 2020 жылға дейін ана өлімі 34% төмендеді. Бұл – елеулі жетістік. Сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы жүктілік деңгейі де 30% азайған. Десе де күн сайын 800 әйел бала көтеру, туу кезінде көз жұмады», — дейді БҰҰ Халық саны жөніндегі қорының түркиядағы өкілі Мариям Хан.

Франция билігі бала күтіміне арналған демалыс жүйесін реформалап жатыр. Мерзімі қысқа, бірақ жәрдемақысы жоғары болады. Шамамен айына 400 еуро. Бұл елде былтыр Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең төменгі бала туу көрсеткіші тіркелген еді.

Рекордтық көрсеткіш болайын деп тұр👍

3️⃣ Алматыда метро салу және көлік торабы құрылысы үшін жер телімдері мәжбүрлеп алынады.

Құжатта көрсетілгендей, Наурызбай ауданындағы «Қалқаман» станциясынан «Барлық» базарына дейін құрылыс салу үшін сол аралықтағы жер телімдерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару басталады.

Бұл аумаққа бірінші метро желісінің үшінші кезеңі нысандары мен көлік торабын салу көзделген.
Жер телімдерін мәжбүрлеп иеліктен шығару 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады.

Жер учаскелерінің иелеріне заңда белгіленген тәртіппен өтемақы төленеді.

Қала әкімдігі осындай мәлімдеме жасады📌