Қылмыс,Вирус, Рейтинг. 7 қазанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 07 октября, 2024


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅

1️⃣ Таразда 10 жастағы бала ауыр қылмысты ашуға көмектесті

Екі кештің ортасында Тараз қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне қоңырау шалған әйел үйінің жанында белгісіз адам күйеуіне пышақ жарақатын салғанын хабарлады.

Жедел әрекет етудің арқасында жараланған ер адам қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Артынша денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері қылмыстың мән-жайын анықтау барысында жақын жерде ойнап жүрген 10 жасар бала қылмыстың кездейсоқ куәгері болғанын білген. Бір қуаныштысы, ойын баласы болса да ол бәрін есіне сақтап қалған екен. Осылайша 10 жасар бала полицейлерге күдіктінің киімі, келбеті, қайда қашқаны туралы маңызды ақпаратты айтқан. Оқушының қырағылығының арқасында полиция қызметкерлері күдіктіні ізін суытпай ұстады.

Полиция қызметкерлеріне ауыр қылмысты ашуға көмектескен 10 жасар баланың бұл ерлігі елеусіз қалмады. Тараз қаласы полиция басқармасының басшылығымен оқушыға ауыр қылмысты ашуға көмектескені үшін алғыс хат табыс етілді.

Бір адамды өлімнен арашалап қалған екен🥹

2️⃣ Министрлік Марбург вирусының өршуіне байланысты бақылауды күшейтті

Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа қауіпті инфекция-Марбург вирусының өршуі туралы ескертуіне байланысты эпидемиологиялық жағдайды бақылауды күшейтуде, деп хабарлайды бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова.

Марбург вирустық ауруы — адамдарға да, басқа приматтарға да әсер ететін сирек кездесетін, ауыр вирустық геморрагиялық қызба. Вирус табиғатта жарқанаттарда кездеседі және жарқанаттардан адамдарға берілуі мүмкін.

Марбург қызбасының табиғи ошақтары — Оңтүстік, Батыс және Орталық Африка елдері: Оңтүстік Африка (Оңтүстік Африка Республикасы), Габон, Судан, Конго Демократиялық Республикасы, Либерия, Гвинея, Зимбабве, Кения.
Аурудың клиникалық көріністері вирусты жұқтырғаннан кейін 2-21 күннен кейін пайда болады.

Халықтың жоғары көші-қонын ескере отырып, Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға эндемиялық елдерге барған кезде мынадай профилактикалық шараларды сақтауды ұсынады:

1) жұқтырған адамдармен байланыста болудан аулақ болу;
2) Африка жунглиінде кездесетін жабайы жануарлардан сақ болу;
3) жергілікті жануарлардың нашар қуырылған етін жемеу;
4) мысырлық жарқанаттардың көп саны — вирустың асимптоматикалық тасымалдаушылары бар үңгірлер мен шахталарға бармау;
5) аурудың белгілері пайда болған кезде дереу медициналық көмекке жүгіну;
6) жеке гигиена ережелерін сақтау.

Сақ болыңыздар!🙌🏻

3️⃣ Ангелина Лукас әлемдік рейтингіде жоғары көтерілді

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас (11-1, 5 КО) аргентиналық Дебора Лопесті (21-3-1, 1 КО) жеңіп, Boxrec.com сайтының рейтингісіндегі орнын жақсартты. Бұл туралы Sports.kz жазады.

Лукас Лопесті бірауыздан жеңіп, IBO супер жеңіл салмақтағы бос титулды жеңіп алды. Осы дивизиондағы BoxRec рейтингісінде қазақстандық спортшы 12-орыннан 11-орынға көтерілді.

Биыл Ангелина Лукас алты жекпе-жек өткізді: оның үшеуін нокаутпен жеңді, үшеуін төрешінің шешімімен жеңді. Бұған дейін ол кіші WIBF және WBF әлем чемпионы белбеулерін де жеңіп алған.

Бұған дейін қазақстандық теннисші Әмір Омарханов ITF Juniors демеушілігімен мансабындағы алтыншы жүлдені жеңіп алғаны хабарланған болатын. Ал, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина төртінші орыннан бесінші орынға төмендеді – ол америкалық спортшы Кори Гауффтан жеңіліп қалды.

Бәрекелді!🔥