Қылмыскер, Курс,Аяз. 11 наурыздың топ жаңалықтары

Автор: редактор 11 Наурыз, 2024


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅

1️⃣ Ақмола облысында 10 сынып оқушысы кісі өлтірген қылмыскерді жалғыз өзі ұстады.

Ақмола облысының полицейлері аса қауіпті қылмыскерді жалғыз өзі ұстаған оқушыны марапаттады.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бірнеше апта бұрын Щучинск қаласының 7 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Мирас Шаймерденов әйелді өлтіргені үшін іздеу жарияланған қауіпті қылмыскерді жалғыз өзі ұстаған. Мирастың айтуынша, өздеріне тиесілі жеке аумақта жасырынған белгісіз адам туралы ол жұмысшыдан білген. Жасөспірім дереу сол жерге барып, мас ер адамнан ол аумақтан кетуін талап еткен. Бірақ қылмыскер агрессия көрсеткен.

Қылмыскердің басқа азаматтар үшін қауіпті екенін түсінген Мирас полицияға қоңырау шалып, оқиға туралы хабарлаған. Жасөспірім қылмыскердің сыртқы белгілерін сипаттай бастағанда және оның суретін жіберген кезде, полицейлер ер адам қылмыстық құқықбұзушының сипаттамасына ұқсас екенін біліп, аталған мекенжайға шұғыл полиция жасағын жіберді. Бірақ жас жігіт полицейлер келгенше күрес әдістерін қолданып, қаскүнемді тәртіп сақшылары келгенге дейін ұстап тұрған.

Ақмола облысының полиция департаменті 15 жастағы Мирасты осы батылдығы үшін марапаттап, оған логотипі бар брендті футболка мен бейсболка, қол сағат табыстады.

Міне, ерлік!👍

2️⃣ Enbek платформасына 44 тегін курс қосылды.

2024 жылдың басынан бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен Skills Enbek платформасында қазақ және орыс тілдеріндегі тегін курстардың мазмұны кеңейтілді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Әр курстың ұзақтығы 36 сағаттан асады. Онлайн оқыту белгілі бір кәсіптік салада белгілі бір дағдыларды немесе қосымша құзыреттерді алуға мүмкіндік береді»,- делінген хабарламада.
Осылайша, құрылыс және өндіріс саласында «Жылу желілерінің жабдықтарына, құбырлары мен арматураларына қызмет көрсету және жөндеу», «Сумен жабдықтау және су бұру желілері мен құрылыстарын пайдалану», «Авариялық-қалпына келтіру жұмыстарының слесары», «Дәнекерлеу өндірісінің негіздері», «Токарлық өңдеу негіздері» сияқты курстар қосылды.

«Жеке қызметтер мен тамақтану бойынша қосымша курстар пайда болды: «Тігуді басынан бастап үйреніңіз!», «Қызмет көрсету саласындағы әкімші», «Шаштараз өнері», «Аспаз», «Наубайхана негіздері», «Кондитерлік шеберхана». «Мүгедектігі бар адамдарға күтім жасайтын қызметкер» курсы бар», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, «Тиімді коммуникациялар және командалық жұмыс», «Сыни ойлау негіздері», «Уақытты басқару және басымдық беру», «Дизайн ойлау», «Бизнес-процестерді басқару», «Бизнестегі коммуникация мәдениеті», «Agile принципі бойынша жобаларды басқару», «Маркетингтік талдау (консалтинг)», «Microsoft Office-пен жұмыс» және «Экологиялық ойлау дағдыларын қалыптастыру» сияқты әр мамандық үшін бірдей маңызды «икемді» дағдыларға бағытталған курстар бар.

Мәлім болғандай, курстан өткенін растайтын сертификат Enbek.kz жұмысқа орналастыру порталында алынған барлық дағдыларды көрсете отырып, түйіндемеде автоматты түрде көрсетіледі.

Курстарда Google Play және App Store-дан жүктеп алуға болатын Enbek мобильді қосымшасында қол жетімді.

Әр курстың ұзақтығы 36 сағаттан асады.🔥 Өзіңізге ұнаған саланы тегін үйрене аласыз.

3️⃣ Қазақстанда алдағы күндері аяз қайта күшейеді.

Қазгидромет 12-14 наурыз күндеріне ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Қазақстан аумағында атмосфералық ағымдардың өтуінен құбылмалы ауа райы сақталады.
12 наурызда Павлодар және Қарағанды, ал 12-13 наурызда Жетісу, Абай, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарында жаңбыр және қар түрінде қатты жауын-шашын күтілуде.

Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болады.
Еліміздің көп бөлігінде ауа температурасы түнде 10-20 градус аяз, күндіз 2-10 градус аязға дейін төмендейді деп болжанып отыр. Ал оңтүстікте сынап бағанасы түнде минус 2-12 градусқа дейін түседі, күндіз 6 градус суық, плюс 2 градус жылы болады.

12 наурызға арналған ауа райы болжамы:

Астанада күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -13, күндіз -6 градус суық.

Алматыда күн ашық. Түнде +4, күндіз +14 градус жылы.

Шымкентте күн бұлтты, жаңбыр жауады. Түнде +9, күндіз +11 градус.

Абай болыңыздар!🙌🏻