Youtube, Черногория, Балалар күні. 31-ші мамырдың топ жаңалықтары

Автор: редактор 31 Мамыр, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа бүгінгі күннің басты ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз!✅

1️⃣ Каспер зертханасының мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда балалардың ең жиі қолданатын қосымшасы – YouTube. Содан кейінгі орында WhatsApp (18%) пен TikTok (17%) қосымшасы тұр.

Ал сен қай қосымшаны жиі пайдаланасың?🤔

2️⃣ Маусымнан бастап Қазақстан мен Черногория арасында тұрақты әуе қатынасы қалпына келеді. Жолаушыларды Air Astana әуекомпаниясы тасымалдайды.

✈️ Черногорияға ұшу ойыңда бар ма?)

3️⃣ Балаларды қорғау күніне орай Алматыда 16 жасқа дейінгі балалар қоғамдық көлікте (автобус, троллейбус, метро) тегін жүре алады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Арамызда балалар күнін кім қарсы алады?