Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!
Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅
1️⃣ 12 жастағы қазақстандық әнші Шерхан Арыстан Витебскідегі «Славян базарында» бас жүлде алды.
Жас талантқа «Витебсктегі Славян базары» XXXII Халықаралық өнер фестивалінің ашылу салтанатында балалық арасындағы конкурстың бас жүлдесі табысталды. Оны Беларусь президенті Александр Лукашенко тапсырды.
Конкурстың қазылар алқасы Шерханға екі күннің қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай – 140 балл қойды. Осылайша, ол барлық қарсыласынан озып кетті. Беларусь әншісі София Рустамова қазақстандық жас таланттан 4-ақ ұпайға қалып қойды.
Байқаудың алғашқы күні Шерхан Андреа Бочелли, Дэвид Фостер мен Эми Фостердің «Ama, Credi e Vai» композициясын орындады. Жас әнші өзінің туған елі – Қазақстанда эстрада жұлдызы болуды армандайтынын айтты.
Жеңіс құтты болсын!😍👏🏻
2️⃣ Қазақстанда ауа райының аптап ыстық болуына байланысты 102 жыл бұрынғы рекорд жаңарды.
Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді.
Синоптиктердің айтуынша, рекорд маусымда тіркелген. Жалпы, жаздың алғашқы айы аптаппен басталып, күзгі салқын ауа райымен аяқталғаны атап өтілген.
«Маусымның бірінші онкүндігі қалыптан тыс ыстық болды, күндізгі ауа температурасы өткен жылдардағы абсолют максимум рекордын жаңартты. Ауа температурасының мұндай жоғары фоны Иран мен Орталық Азия аймақтарынан тропикалық ауа массаларының тұрақты ығысуына байланысты болды.
Сонымен:
* 4 маусымда Қостанай метеостанциясында ең жоғары температура +38,2 градус тіркелді, бұл соңғы рет 1955 жылы (+35,5 градус) байқалған;
* 6 маусымда Қызылорда станциясында +41,6 градус ыстық тіркеліп, 2018 жылдың рекорды жаңарды, бұл кезде ауа температурасы +38,7 градус болған;
* 7 маусымда Петропавл станциясында ең жоғары температура +38 градусқа жетіп, 1998 жылғы рекордты жаңартты (+34,9 градус);
* сол күні Жезқазған метеостанциясында термометрлер +40,6 градусқа жетіп, 1990 жылғы рекордты (+40,6 градус) қайталады;
* 8 маусымда Павлодар станциясында абсолют максимум +40 градус болып, 2010 жылғы рекордты жаңартты (+36,5 градус);
* сол күні Өскемен станциясында термометрлер +37,1 градусқа жетіп, 2008 жылғы рекордты жаңартты (+35,1 градус);
* бұл күні Түркістан метеостанциясында ауаның максимал температурасы +40,7 градус байқалды, осылайша 1921 жылғы рекорд (+40 градус) жаңарды;
* 9 маусымда Тараз станциясында абсолют максимум +38,9 градус болып, 2013 жылғы рекордты жаңартты (+36,9 градус);
* Астанада бір ай ішінде ең жоғары ауа температурасы 6 маусымда тіркелді, ол кезде термометрлер +38,4 градусқа жетіп, 1939 жылғы рекордты (+35,7 градус) жаңартты», — дейді мамандар.
Ыстықтан қалай сақтанып жүрсіз?😮
3️⃣ Қазақстанда ақылы жолдардың бағасы қымбаттайды.
Қазақстанда ақылы жолдарда жол жүру бағасы қымбаттайды. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің автомобиль жолдары комитетініңәзірлеген бұйрық жобасында жазылған.
Автобустар үшін баға орын санына, жүк көліктері үшін — жүк көтергіштігіне байланысты өзгереді.
11 ақылы жолдың бағасына өзгерістер енгізілмек. Тарифтер айлық есептік көрсеткішке (АЕК) байланысты болса, жол ақысы 20%-ға өсуі мүмкін. Айта кетейік, Қазақстанда 1 АЕК 3450 теңгені құрайды.
Ақылы жолдардағы баға өзгерістері:
«Астана – Щучинск» бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,0696 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,3478-ден 1,8087 АЕК-ке дейін.
«Астана – Теміртау» бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,0696 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,2435-тен 1,1652 АЕК-ке дейін.
«Алматы – Қорғас» бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,1043 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,5217-ден 2,5565 АЕК-ке дейін.
«Алматы – Қонаев» бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,0348 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,0696-дан 0,3478 АЕК-ке дейін.
«Тараз – Қайнар» бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,0835 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,4104-тен 2,0661 АЕК-ке дейін.
«Шымкент – Қызылорда» бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,153 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,7617-ден 3,8435 АЕК-ке дейін.
«Щучинск – Көкшетау» бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,0209 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,1043-тен 0,5217 АЕК-ке дейін.
«Астана – Павлодар» бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,1322 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,6470-тен 3,2487 АЕК-ке дейін.
«Шымкент – Тараз» бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,0313 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,1496-дан 0,7617 АЕК-ке дейін.
«Қонаев – Талдықорған» бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,0661 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,3270-тен 1,6209 АЕК-ке дейін.
«Шымкент – Өзбекстан шекарасы (Ташкентке)» бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,0313 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,1461-ден 0,7304 АЕК-ке дейін.
Ал сіз ақылы жолды жиі пайдаланасыз ба? 🤔