Featured Video Play Icon

Өз бизнесіңді бастау үшін не қажет? Мемлекеттік тендерлермен жұмыс істеген тиімді ме? Бизнеспен айналысу үшін арнайы оқу қажет пе?

Автор: редактор 29 марта, 2022


Сәлеметсізбе менің есімім Малик, ал мен Алмаспын! Біз құрылыс және көркейту саласында жұмыс істейміз. Футбол алаңдарын, балалар алаңдарын және жалпы қаланы көркейтумен айналысамыз.

1. Не себеппен осындай бизнес түрімен айналыса бастадыңыздар?

Біріншіден осы салада сұраныс бар екенін көрдік және де осы саламен айналысу бізге қызықты болды. Қазір бұл сала Қазақстанда қарқынды дамып келеді.

2. Сіздерде қандай өнім түрлері бар?

Негізгі өнімдеріміз — жасанды көгалдар, ландшафты, декоративті, футбол алаңдары, соққыға қауіпсіз резеңке жабындар және шағын сәулет нысандары. Яғни бұған балалар алаңдарын жатқызуға болады.

3. Құны неге байланысты?

Құны әртүлі факторлаға байланысты болып келеді, ол логистикаға тәуелді, импорттаушыға тәуелді, әртүрлі кедендік заңнамаларға тәуелді, бұлардың барлығы өнімнің соңғы бағасына әсер етеді. Шикізаттың қымбаттауына да байланысты, шикізат жеткізушілері де бағаны көтеріп тұрады. Қазіргі күні негізгі фактор доллар болып табылады, сыртқы экономика долларға тәуелді болғандықтан баға да осыған байланысты болады.

4. Мемлекеттік тендерлерге қатысасыз ба?

Тендерлер бойынша айтсақ, иә біз қатысамыз. Мысалға кейбір жұмысшыларымызға мемлекеттік тендерлермен айналысқан ұнайды. Өз басым жеке клиенттермен жұмыс істегенді ұнатамын.

5. Жұмыста қиыншылықтар болды ма?

Клиеттермен жұмыста үнемі қиыншылықтар болады. Бастапқы қезеңде жұмысқа жаңа тұрғанда клиентке толықтай жағуға тырысасыз, «бәрін жасай аламыз» дейсіз, бірақ іс жүзінде бұл клиенттің сізден тым биік деңгейді күтуін алып келеді. Кейін соған байланысты қиындықтар туындайды. Бірақ негізі қиыншылықтар кез келген салада болуы мүмкін, мысалға логистикада: көлік тауарды мерзімге сай әкелмеуі мүмкін, жобалардың мерзімімен, жеткізушілермен қиыншылықтар туындауы мүмкін, клиенттердің өздерімен туындауы мүмкін, барлығы бір-бірімен байланысты болады. Сондықтан әрине қиыншылықтар болып тұрады.

6. Осындай бизнеспен айналысу үшін арнайы білім алу керек пе?

Арнайы білім алудың қажеті жоқ. Шын айтқанда ЖОО-да осындайға дайындамайды. Керек дегенге, бухгалтериялық білімді алуға болады, бірақ жұмыс барысында өзің барлығына үйренесің. Ал былай айтқанда арнайы білім алудың қажеті жоқ деп ойлаймын.

7. Лицензиялар алу керек пе?

Егер құрылыс болса лицензия керек, ал негізі бізге лицензияларды алудың қажеті жоқ, тек қана сертификаттар керек. Мысалға: өзіндік өнімін көрсететің сертификат, оның өзі егер сұраса ғана керек. Халықаралық сертификаттар керек, ал лицензиялардың сондай да бір қажеттілігі жоқ. Лицензия құрылыс кезінде ғана керек, мысалға егер 2-3 қабаттан биік объектіні салған кезде ғана лицензия керек болады.

8. Сіздерде материалдарды жасайтын цех бар ма әлде жеткізушілерден тапсырысқа аласыздар ма?

Жеке өзіміздің өндірісіміз де бар, жеткізушілерден тапсырысқа алатынымыз да бар. Бастапқы кезеңде тапсырысқа аласың, бірден жеке өндіріс жасауға өте қиын. Бірақ кейін бірте-бірте өз өндірісіңді қалыптастырасың.

9. Айына қанша жоба жасау керек?

Біздің саламызда бұл маусымдық жұмыс, яғни қаңтар, ақпан жұмыс бойынша тыныш айлар. Осы салада айына 10 жобаны алуға да болады, бірақ олар кішігірім болуы мүмкін. Ал кей кезде қолдардың жетіспеуіне байланысты, айына 1 жобамен ғана айналысуың мүмкін. Жұмыстың ең қарқынды уақыты жазда, маусым мен тамыз аралығында, осы кезде уақыт үнемі жетіспейді, жұмыс мөлшері көп болады, қолдар жетіспей жүреді.

10. Бизнеспен айналыса бастаған адамдарға қандай кеңес берер едіңдер?

Ең бастысы жұмыс істеуді бастау.
Менің айтарым әрекет етуді бастау керек, бұл жерде немен айналысатының да маңызды емес, ең бастысы — бұл әрекет ету.