Үздік режиссер, Есімдер, Салық. 16 маусымның топ жаңалықтары

Автор: редактор 16 июня, 2023


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер! Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅

1️⃣ Айсұлтан Сейітов Шанхай кинофестивалінде «Үздік режиссер» номинациясын жеңіп алды.

Қазақстандық режиссер Айсұлтан Сейітов Шанхайдың 25-ші мерейтойлық халықаралық кинофестивалінде «ҚАШ» дебюттік картинасымен «Үздік режиссер» номинациясын жеңіп алды.

Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, «ҚАШ» фильмі қысқа тізімге еніп, Asian New Talent санатындағы бірден үш номинацияда жеңіске жетті: Best Film — Aisultan Seitov Best Director — Aisultan Seitov Best Script Writer —Ablay Nurmanbetov
Фестиваль бағдарламасында туындыны Айсұлтан Сейітов, Qara Studios бас продюсері Еркебұлан Күрішбаев және сценарий авторы Абылай Нұрманбетов таныстырды.
«ҚАШ» фильмінің түсірілімі 2020 жылы басталды, ал 2022 жылы Қазақстанда жалпы прокатқа шықты. Фильмді көрермендер жылы қарсы алды, сондай-ақ қазақстандық киносыншылардың бірқатар марапатын алды.

Көркем туынды 1931-1933 жылдардағы қазақ даласындағы жаппай ашаршылық трагедиясын екі ағайындының жеке оқиғасы арқылы баяндайды.

Шанхай кинофестивалі, кең халықаралық бағдарламасы бар Қытайдың ең ірі кинофестивалі және беделді халықаралық кинофестивальдердің бірі болып табылады. Биыл 9-18 маусым аралығында өтті.

Құтты болсын!🔥👏🏻

2️⃣ 2023 жылғы статистика бойынша Қазақстандағы ең танымал есімдер белгілі болды. Олардың көшін Медина мен Әлихан есімдері бастап тұр.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2022 жылы танымал болған Медина мен Әлихан есімдері 2023 жылғы рейтингте өз позицияларынан бас тартпады.

Сонымен, қазақстандықтардың ұлдарға қойған танымал есімдері:

Әлихан – 1 462,

Рамазан – 1356,

Омар — 1 278,

Айсұлтан — 1 238,

Әмір – 1063 ж.

Өткен жылмен салыстырғанда тізімге өзгерістер енгізілді. Нақтырақ айтсақ Алдияр есімінің орнына Омар есімі қосылды. Айсұлтан есімі үшінші орыннан төртінші орынға жылжыды.

ТОП- 5 қыздарға арналған есімнің тізімі өзгерген жоқ:

Мәдина – 3030,

Айша – 2 205,

Айлин — 1990,

Асылым – 1893,

Раяна — 1703.

2023 жылдың қаңтар-сәуір айларында 123,4 мың бала өмірге келді.

Ал сіз балаңыздың есімін қалай қойдыңыз? 🤔

3️⃣ Көлік салығы бойынша қарызы бар азаматтарға ел аумағынан шығуға тыйым салынуы мүмкін.

Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жалпы, республика бойынша 496,7 мың жеке тұлғаның көлік құралдары салығы бойынша берешегі – 22,4 млрд теңге, оның ішінде негізгі қарыз – 17,5 млрд теңге, өсімпұл – 4,9 млрд теңге.
Өңірлер бойынша алып қарағанда қарызы ең көп салық төлеушілер:

Алматы облысында 57,7 мың адам – 3,0 млрд теңге

Алматы қаласында 53,6 мың адам – 4,9 млрд теңге

Түркістан облысында 53,6 мың адам – 1,2 млрд теңге

Шымкент қаласында 39,9 мың адам – 1,5 млрд теңге

Астана қаласында 37,0 мың адам – 2,5 млрд. теңге.

2022 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салық төлеу мерзімі 2023 жылғы 1 сәуірде аяқталған болатын.
2023 жылғы 19 мамырдан бастап салық сомасын уақтылы төлемеген тұлғаларға 1 АЕК-тен жоғары берешек сомалары бойынша жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрықтарын жолдау басталды.

Берешек төленбеген жағдайда салық бұйрығы табыс етілген күннен кейін 5 жұмыс күні өткен соң, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына мәжбүрлеп орындатуға жіберіледі. Жеке сот орындаушылары «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банк шоттары мен мүлкіне тыйым салу түрінде мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдануға құқығы бар. Оның ішінде 40 АЕК-тен асатын қарыз болса, азаматқа ел аумағынан шығуға тыйым салынуы мүмкін.

Себебі 12 маусымдағы мәліметке сәйкес қазақстандықтардың көлік салығы бойынша қарызы 22 млрд теңгеден асқан.📌