Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!
Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅
1️⃣ Головкин Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті болып сайланды.
Бүгін Астанада Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті Бас Ассамблеясының кезектен тыс отырысында ҰОК президенті мен өзге де маңызды басқару органдарының сайлауы өтті.
«Геннадий Головкин Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті болып сайланды», — делінген ресми хабарламада.
Жаңадан сайланған комитет басшысы осы жауапты қызметті ұсынған кезде өз талабын қойғанын ашық айтты.
«Жаңа лауазымда еліміздің атынан әрекет ету – мен үшін зор мәртебе. Маған Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетін басқаруды ұсынғанда, қазақстандық спортты дамытуға өз үлесімді қосуға мүмкіндік берсе ғана, кандидатурамды ұсынатынымды айттым. Өздеріңіз білетіндей, мен саясаткер де, шенеунік те емеспін. Өз әрекетімді сөзбен емес, іспен дәлелдеп үйренгенмін», — деді Головкин.
Осы орайда ол жеке көзқарасы, жылдар бойы жиналған халықаралық тәжірибесі мен команда бар екенін ерекше атап өтті.
Жаңа қызметіне сәттілік тілейміз!🔥
2️⃣ Алдағы оқу жылынан бастап лицейлер мен гимназияларға қабылданатын 1-сынып оқушылары емтихан тапсырмайды.
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінеің мәліметінше, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң қабылданды.
«Балардың білімі мен қауіпсіздігі туралы заңда лицейлер мен гимназияларға 1-сыныпқа қабылдау кезінде емтихан өткізуге тыйым салатын ереже енгізілді», — деді Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.
Оның айтуынша, бұл норма дайындық деңгейіне қарамастан барлық баланы мектепке қабылдау кезінде шектеулерді алып тастайды, бастапқы білімді игеруге, танымдық қабілеттер мен әлеуметтік қарым-қатынас дағдыларын дамытуға тең мүмкіндік береді.
«Екіншіден, тестілеуге, әңгімелесуге қатысудан психологиялық күйзеліс, конкурстық іріктеуді күтуден жағымсыз тәжірибелер жойылады. Бұл жағдай баланың психоэмоционалды жағдайын нашарлату және оның денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін. Үшіншіден, конкурстық іріктеу нәтижелерін күтетін ата-аналардың наразылығы азаяды. Балаларды мектепке қабылдау рәсімінің қоғамдық резонансы болмайды», — дейді комитет төрағасы.
Қаныбек Жұмашев бұл өзгерістер алдағы оқу жылында бірінші сыныпқа қабылданған кезде енгізілетінін атап өтті.
Бұл да бір жеңілдік әрі үлкен мүмкіндік болайын деп тұр.👍
3️⃣ Қазақстанда 1 ақпандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 346 теңгені құрады.
Базалық зейнетақыны төлеуге – 96,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыға 210,4 млрд теңге жұмсалған.
«2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 343 мың адам. 2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 346 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 810 теңге, базалық зейнетақы – 42 536 теңге», — делінген хабарламада.
Айта кетері, 2024 жылғы 1 қаңтарда жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 744 теңге болған еді.
2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы әр зейнеткерге жеке тағайындалады.
Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.
Ал жыл басынан бері республикалық бюджеттен 306,8 млрд теңге зейнетақы төленген.📌