Зейнеткер,Байқау, Чемпионат. 13 ақпанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 13 Ақпан, 2024


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ Қазақстандағы «ең бай» зейнеткер 750 мың теңге алады.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді.

«Қазір 750 мың теңге зейнетақы алатын адам қанша жалақы алған?» – деп журналист сұрақ қойды.

Министр ең көп зейнетақы алатын қазақстандық азаматтың бұған дейін қанша жалақы алғанын айта алмайтынын жеткізді.

«Оның 1998 жылдан бері жоғары жалақы төленетін лауазымдарда жұмыс істегені анық. Шамасы, максимал мөлшерде шегерімдер болған. Меніңше, ол ақшасын конвертте алмай, 10 пайызын әр жалақысынан тікелей аударып, осындай зейнетақы жинағаны керемет. Баршаңызға осындай зейнетақы тілеймін», – деді Светлана Жақыпова.

Керемет! Бәріңізге жұғысты болсын!😍

2️⃣ 16 жастағы қазақстандық әнші Аделина Мұхаметжанова АҚШ-та өткен халықаралық байқауда жеңіске жетті.

Қазақстандық орындаушы Латиф Хамидидің “Бұлбұл” шығармасымен АҚШ-та өткен халықаралық вокалдық байқауда жеңімпаз атанды.

Әншінің PR менеджері Татьяна Синенконың айтуынша, 16 жастағы Аделина Мұхаметжанова АҚШ-тағы Миннесота штатындағы мектепке 2022 жылы қабылданғаннан кейін, бүкіл Америкадағы 9 вокальдық конкурсқа қатысып, көбінде жүлделі орындарға ие болып келеді.

Өткен демалыс күндері ақтық сынға шыққандарды анықтаған “Radda Rise International Piano and Vocal Competition” халықаралық байқауы да осы табыстардың қатарынан табылып, бұл байқауда да Аделина қазылар алқасының бірауызды шешімімен Латиф Хамидидің “Бұлбұл” композициясымен бірінші орынға ие болды.

Құтты болсын!🔥👏🏻

3️⃣ Жеңіл атлетика: Давид Ефремов пен Надежда Дубовицкая жабық ғимараттағы әлем чемпионатына қатысады.

1-3 наурыз аралығында Шотландияның Глазго қаласында жеңіл атлетикадан жабық ғимараттағы әлем чемпионаты өтеді.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті мәлім еткендей, аталған «лемдік додаға Қазақстан атынан екі спортшы қатысады. Олар – Давид Ефремов пен Надежда Дубовицкая.

Ефремов 60 метрге кедергілер арқылы жүгіруден ел намысын қорғаса, Дубовицкая биіктікке секіруден сынға түседі.

Спортшыларымызға жеңіс тілейміз!🙌🏻