Жұмақ фильмі, Жәнібек Әлімханұлы, Онлайн курс. 22-ші мамырдың топ жаңалықтары

Автор: редактор 22 мая, 2022


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер! Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅

💭 Нұр-Сұлтанда Дін істері жөніндегі басқармасының тапсырысымен діни сауат тақырыбына арналған фильм жарыққа шықты. Қысқаметражды көркем фильм «Жұмақ: жаза және кешірім» аталады.

🎞 Фильмді көруге кеңес береміз✔️

💭 Жәнібек Әлімханұлы мен ұлыбританиялық боксшы Дэнни Дигнумнің жекпе-жегі 22 мамыр күні сағат 07:00-де «Хабар» арнасынан көрсетіледі. Бұл туралы арнаның баспасөз қызметі хабарлады.

🥊 Боксшымызға жеңіс тілейміз!

💭 Енді әскердегі сарбаздарға арнайы онлайн-курстар ұйымдастырылады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов хабарлады.