Жұмыс,Абай,Баспана. 9 тамыздың топ жаңалықтары

Автор: редактор 09 Тамыз, 2023


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ Қазақстандықтар арнайы сайт арқылы Оңтүстік Кореяда жұмысқа орналаса алады.

Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова көші-қон саясаты тұжырымдамасын жүзеге асыру туралы айтты.

Тұжырымдаманың бір бағыты – шетелде жұмыс істейтін қазақтардың еңбек құқықтарын қорғау.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметі бойынша, бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша 194 мыңнан астам Қазақстан азаматы шетелде жұмыс істейді.

“Біз Қазақстан азаматтарының еңбек құқықтарын қамтамасыз ету үшін Түркия, БАӘ, Ұлыбритания және басқа елдермен жаңа келісімдер жасасуды бастау үшін қосымша шаралар қабылдадық”, – деді ол.

Оңтүстік Кореяда ел азаматтарының заңды жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету Қазақстанды «жұмыс істеуге рұқсат беру жүйесіне» қосу мәселесі (Жұмыспен қамтуға рұқсат беру жүйесі – EPS). Бұл жүйе арқылы жұмысқа орналасу migration.enbek.kz сайтында тіркелу арқылы жүзеге асырылады. Ары қарай жұмыс күшінің ұтқырлық орталықтары
тілдік курстарды жүргізу, міндетті медициналық тексеруден өту
және кетуге құжаттарды дайындау болып келеді.

Ал сіз Кореяда жұмыс істегіңіз келе ме?🤔

2️⃣ Димаш Құдайберген Абайдың туған күніне орай челлендж бастады.

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген ұлы ағартушы, ақын, қоғам қайраткері Абай Құнанбаевтың туған күніне арналған челлендж бастады.

«Қазақтың ұлы ақыны туған күнге орай челлендж бастап, оны барлық жанкүйерлерімен жолдаймын. Абайдың кез келген өлеңін оқып, #AbayChallenge хэштегімен жариялау керек», – деп жазды Құдайберген.

Челленджге қатысып жатқандар бар ма? 😍

3️⃣ Қазақстанда баспана бағасы арзандап жатыр.

Бірінші кредиттік бюро шілде айында баспана нарығында бағалар қалай өзгергенін мәлім етті.

Ақпаратқа сүйенсек, екінші нарықта үй бағасы арзандап келеді. Осының алдындағы айдағы көрсеткішке қарағанда, бір шаршы метрдің құны 1,7 пайызға төмендеп, 494,4 мың теңгені құрады.

Кейінгі 5 айдың төртеуінде баға түсіп жатыр (мамырда өзгерген жоқ). Мұндай жағдай 2015 жылдан бері алғаш байқалып отыр.

«Жалпы көрсеткіштің динамикасына негізгі үлесті 5 ірі қала қосты. Астанада екінші нарықтағы үйлердің бағасы едәуір төмендеп жатыр (-3,4%). Сонымен қатар Алматы (-1,5%), Көкшетау (-1,3%) және Қостанай (-1%) қалаларында да айтарлықтай түсті. Ал Өскеменде бұл көрсеткіш (-0,5%) аса жоғары емес», – делінген бюро мәліметінде.

Жалпы, жыл басынан қайта сатылымға түскен баспана 3,7 пайызға, бір жылда 0,7 пайызға арзандады.
Сонымен қатар жаңа баспана құны да арзандаған. Дегенмен, соншалықты көп емес – 0,1%. Қазір шаршы метрі 486,2 мың теңге шамасында.
Баспананың арзандауы 4 ірі қалада байқалды, яғни Павлодар (-2,2%), Қостанай (-1,7%), Алматы (-0,6%) және Көкшетау (-0,9%) қалаларын атап өтуге болады.

Ал баспананы жалға алу құны өскен. Шілдеде жалға алынған үйдегі шаршы метрдің құны 4,7 мың теңгені құрады, бұл оның алдындағы айдың деңгейінен 1,9 пайызға жоғары.

Жалға алу құны ең көп Қарағандыда өсті – 3,9%. Одан кейінгі орында Алматы – 3,1%. Бағаның көтерілуі Петропавлда (0,6%) және Шымкентте (0,1%) да байқалды. Қалған қалаларда, оның ішінде Астанада баға өзгерген жоқ.

Жыл басынан бері жалға алу ақысы 1,5 пайызға түскен. Алайда бір жыл қорытындысы бойынша оның құны 28,6 пайызға өсті.

Бір шаршы метрдің құны 1,7 пайызға төмендеген☝🏻