Бәріне сәлем!
Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️
1️⃣ Министрлік алаяқтықтың жаңа түріне байланысты ескерту жасады.
ҚР Әділет министрлігі елде алаяқтық іс-әрекеттің жаңа түрі пайда болғанын мәлімдей отырып, қазақстандықтарға ескерту жасады.
“Өздерін әділет органдарының қызметкерлері немесе сот орындаушылары ретінде таныстырып жүрген алаяқтар азаматтарға хабарласып, атқарушылық құжаттардың талаптарын орындауды, банк шоттарын бұғаттау, жүргізуші куәлігін тоқтата тұру және т. б. түрлі жолдармен қорқыта отырып, берешек өтеуді талап ете бастады” — дейді Әділет министрлігінің өкілдері.
Мұндай қоңыраулар келіп түскен жағдайда атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (https://aisoip.adilet.gov.kz/) немесе АИС ОИП мобильді қосымшасы арқылы атқарушылық іс жүргізудің бар немесе жоқ екеніне көз жеткізу ескертіледі.
“Алаяқтардың заңсыз әрекеттерінің алдын алу үшін министрлік тек ресми дерек көздерінен алынған мәліметтерге ғана сенуді және дербес деректерді үшінші тұлғаларға және күмәнді интернет-ресурстарға бермеуіңізді ескертеді” — делінген хабарламада.
Абай болыңыздар! Сан соғып қалмаңыздар!🙌🏻
2️⃣ Air Astana IPO акцияларының бағасын жариялады.
Air Astana компаниясы Астана, Алматы және Лондондағы IPO-ға шығатын алдағы акциялар мен ғаламдық депозитарлық қолхаттардың баға диапазонын жариялады.
Ол бір акция үшін 2,13-тен 2,75 долларға дейін ( 956-дан 1237 теңгеге дейін) және қолхат үшін 8,5-тен 11 долларға дейін (3825-тен 4950 теңгеге дейін) болады.
«Акция үшін түпкілікті баға теңгемен белгіленеді және баға жарияланған күннің алдындағы күні қолданыста болатын Қазақстан ұлттық банкінің ресми бағамы бойынша 4-ке бөлінген және теңгемен айырбасталған ғаламдық депозитарлық қолхаттар үшін түпкілікті бағаға тең болады. Инвесторлардың KASE және AIX акцияларына өтінімдері теңгемен берілуі тиіс», — делінген Air Astana хабарламасында.
Орналастыру аясында компания акциялар мен ғаламдық депозитарлық қолхаттарды шығарудыжәне шамамен 120 миллион доллар тартуды жоспарлап отыр. Бұл жағдайда компанияның күтілетін нарықтық капитализациясы 770-тен 962 миллион долларға дейін болады.
Роуд-шоу осы жылдың 29 қаңтары мен 8 ақпаны аралығында өтеді.
Соңғы бағалар өтінімдер кітабын (букбилдинг) қалыптастыру аяқталғаннан кейін анықталады және 2024 жылдың 9 ақпанында жарияланады.
Акциялар ақпан айының ортасынан бастап сатылады деп жоспарланған.
IPO (Initial Public Offering) — бұл компанияның акцияларын қор нарығында шектеусіз адамдарға сату үшін алғашқы орналастыру.
Бүгін қазақстандық авиакомпанияның IPO бойынша роуд-шоуы басталады.😍👍
3️⃣ Қазақстанда жасы 50-ден асқан 15 мың адам жұмысқа орналасты.
Былтыр «Күміс жас» жобасы аясында 15 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды.
Былтыр 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында 50 жастан асқан 15 166 адам «Күміс жас» жобасы бойынша жұмысқа орналастырылды. 2023 жылы жалпы 14 295 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған болатын.
Бұл жоба аясында елуден асып, екі қолға бір күрек тапқандар көбіне Түркістан облысының тұрғындары. Сосын Қызылорда мен Алматы, Қарағанды мен Ақтөбе облыстарының тұрғындары.
Жұмыс берушінің жұмыссыздарға еңбекақы төлеуге жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеуге субсидиялар беріледі.
«Жұмыстың бірінші жылындағы субсидиялар мөлшері жалақы мөлшерінің 70%-ін, жұмыстың екінші жылында – 65%-ін, жұмыстың үшінші жылында – 60%-ін құрайды. «Күміс жас» жобасына қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс беруші зейнеткерлік жасқа толмаған адамды кемінде 1 жыл мерзімге, сондай-ақ зейнеталды жастағы азаматты зейнеткерлікке шыққанға дейін тұрақты жұмыспен қамтуға міндетті», – деп хабарлады ҚР ЕХӘҚМ Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Асқар Ниязов.
50 жастан асқан және зейнеткерлік жасқа дейінгі жұмыссыз азаматтар аталған жобаға қатыса алады. Жобаға қатысу үшін мансап орталығына өтініш беру қажет.
Жақсы бастама!🔥