Жұмыс, Баян, Халық. 13 қарашаның топ жаңалықтары

Автор: редактор 13 Қараша, 2023


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅

1️⃣ 11 жастағы қазақстандық баян ойнаудан әлемнің үздігі атанды.

11 жастағы қазақстандық Радмир Хайбуллин баян ойнаудан әлемнің үздігі атанды. Жас музыкант Францияда өткен «Бейбітшілік трофейі» халықаралық онлайн байқауында бірінші орын алды. Бұл туралы uide.zhatpa «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап  хабарлайды.

«Әлем трофейі» – әлемдегі   аккордеоншылар арасындағы беделді жарыстардың бірі. Ол 70 жылдан астам уақыт бойы әртүрлі елдерде жыл сайын өткізіліп келеді. Радмирдің айтуынша, жарыста бәсекелестік жоғары болды. Бірақ виртуоз үшін ең қиыны қашықтан қатысу болыпты.

«Байқау Францияда болды. Бейне түсірдік, мен үш шығарманы ойнадым: Иоганн Себастьян Бах – «Фуга де-маор», Марк Фрадкин – «Махаббат әні», Юрий Гаврилов – «Жылдам пойыз». Видеоға түсіру қиын болды. Өйткені мен бір рет сәл қате ойнадым. Бірінші орын аламын деп ойламадым», – деді Радмир.

Жас аккордеоншының ұстазы – халықаралық музыкалық байқаулардың лауреаты Руслан Тұраев. Ол алты жыл бұрын Семейден Астанаға көшіп келген. Радмирдің ата-анасы да ұстазсыз жас музыкантқа қиын болатынын түсініп, елордаға көшуді жөн көреді. Олар ұлдарының таңдауын қолдап, оны Қазақ ұлттық өнер университетінің жанындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатына берген.

Құтты болсын!😍

2️⃣ Жұмысынан айырылған 172 мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, 166,3 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды. Төлемдердің жалпы сомасы – 37,8 млрд теңге.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлем алады. Қаржы жоғалған кірістің 45%-не дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен төленеді», – дейді министрлік.

Ол үшін жұмыстан босатылған жұмыскер eGov.kz порталында авторизациядан өту керек. Сосын «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу» қызметін таңдайды.

«Онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолды толтырып, оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет. Бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі мансап орталығы бос жұмыс орындарын ұсынады. Егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі», – дейді ведомство.

Бұл қызметті онлайн режимінде Электронды еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады. Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәлімет болған кезде министрліктің ақпараттық жүйесі мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.

Ал сіз ие болдыңыз ба?🤔

3️⃣ Қазақстан халқының саны 20 миллион адамға жуықтады.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 19 967 964 адам болған. 12 387 957 адам – қалалық (62 пайыз), 7 580 007 адам – ауылдық (38 пайыз).

Сонымен қатар, елдегі әйелдер саны – 51,2 пайыз, ерлер – 48,8 пайыз. 10 217 317 әйел және 9 750 647 ер адам.

Керемет, халық саны өсе берсін!👍🔥