Жәнібек Әлімханұлы,Аватар:су жолы, Әскери қызметші.16 желтоқсанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 16 Желтоқсан, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!👇🏻

1️⃣ Қазақстандықтардың “қазақша киноны қолдайық” атты челенджінен кейін кинотеатрлар «Аватар: Су жолы» фильмінің қазақша нұсқасын қолайлы уақытқа қоя бастады.

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев және қоғам белсенділері көрермендерді «Аватар: Су жолы» фильмінің қазақ тіліндегі нұсқасына баруға шақырды.

Әйгілі режиссер Джеймс Кэмеронның туындысы 15 желтоқсаннан бастап екі тілде еліміздегі барлық кинотеатрда көрсетіліп жатыр.
«Аватар: Су жолы» фильмін ел азаматтары қазақ тілінде тамашалай алуы үшін Мәдениет және спорт министрлігі бастамашылық етіп, Disney студиясымен бірігіп үлкен жобаны қолға алды.

Жаңа блокбастерді қазақ тіліне дубляждап, барлық кинотеатрға берді.
Әлбетте, кинотеатрлар – бизнес субъектісі.

«Десек те, қазақтілді контентке қолдау көрсетіп, фильмді сұранысқа ие уақытқа қойған кинотеатрлардың тізімін, кинокестесін сіздерге ұсынамыз. «Аватардың» қазақ тіліндегі нұсқасына баруға шақырамын», – деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында Дәурен Абаев.

Керемет бастама!😍👍

Сен фильмді қай тілде тамашаладың?🤔

2️⃣ Әскери қызметші адамдарды өрттен құтқарғаны үшін медальмен марапатталды.

Қорғаныс министрінің бұйрығымен Құрлық әскерлері Әскери институтының әскери қызметшісі 3-сыныпты сержант Жандос Барлыбаев ерлігі үшін «Ел қорғаны» медалімен марапатталды.

Бүгін марапатты қорғаныс ведомствосы басшысының атынан Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Алмаз Жұмакеев табыстады.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Алматы қаласында Красногорская көшесі, 4/1 мекенжайында орналасқан жатақхананың бірінен өрт шыққан болатын.

Әскери қызметші ол туралы таныстарынан естіп, ойланбастан оқиға орнына барған. Көрші ғимараттың отқа оранған 2-ші қабатын көрген сержант Жандос Барлыбаев терезе торларымен екінші қабатқа көтеріледі.

Ол жерден 12-13 жастағы баланы, төрт айлық нәрестені алып шығып, сондай-ақ анасының жанып жатқан ғимараттан шығуына көмектесті.

Батыл азаматтарымыз көбейе берсін!👏🏻👏🏻👏🏻

3️⃣ Жәнібек Әлімханұлы қарсыластары ең көп қашатын боксшылар тізіміне енді.

ESPN Ringside Twitter аккаунтында қарсылас табу қиынға соғатын боксшылар туралы жазбада осылай көрсетілген.

Сондай-ақ бұл тізімге Шакур Стивенсон, Джарон Эннис, Верджил Ортис және Давид Бенавидес те кірген.
Біздің боксшы тізімде көш бастап тұр!👍🔥🔥