Жәнібек Әлімханұлы, Деректі фильм, 1 қыркүйек. 27-ші тамыздың топ жаңалықтары

Автор: редактор 27 Тамыз, 2022


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️

1️⃣ Жәнібек Әлімханұлы WBO чемпионы атанды. Деметриус Андраде белбеуден бас тартқаннан кейін қазақстандық боксшы жекпе-жексіз WBO титулына ие болды.

Бұған дейін чемпиондық белбеудің иегері Деметриус Андраде екінші орта салмаққа ауысатынын мәлімдеді. Ал Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы уақытша чемпион болған. Деметриус Андраде белбеуден бас тартқаннан кейін қазақстандық боксшы жекпе-жексіз WBO титулына ие болды.

«Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы «уақытша» чемпион дәрежесінен толыққанды чемпион мәртебесіне көтерілді. Осы атақ дәл қазір күшіне енеді», – делінген WBO хабарламасында.

Боксшы өзінің Twitter парақшасында ұйымның шешіміне қатысты пікір білдірді.

«Мен – әлем чемпионымын! Мен – WBO чемпионы атанған тұңғыш қазақпын. Бұл тарихи сәт! Мен өте бақыттымын, Аллаға шүкір! Әлхамдулилла!», – деп жазды Әлімханұлы.

Құттықтаймыз! 👏🏻👏🏻👏🏻

2️⃣ Қазақстанда ұлттық парктер жайлы деректі фильм түсірілді. Бұл туынды – “Ұлттық парктер – ұлттық байлығымыз» деп аталады.

Уфологтар «Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі жойқын жанартау әсерінен пайда болды» дейді.

Бұл жайлы ғалымдардың тұжырымы қандай? Қазақстан Республикасы аумағындағы ұлттық парктерге қандай қауіп төніп тұр? Табиғат инспекторлары күнделікті кімдермен күрес жүргізеді? Іле Алатауының баурайында өсетін «Сиверс» алмасы адамзаттан бұрын пайда болғаны қаншалықты рас? Табиғи резерваттағы жабайы алманы эко-мамандар қалай сақтауда?

Осы сұрақтардың жауабын білгіңіз келсе, деректі фильмді көріңіз.

Деректі фильмді көруге кеңес береміз!😍😍😍

3️⃣ 1 қыркүйек күні барлық мектепте салтанаттты жиындар ұйымдастырылады.
Бұл туралы оқу-ағарту вице-министрі Шолпан Каринова хабарлады.

«Сосын «Білімге құштарлық, еңбекқорлық пен патриотизм» тақырыбында сынып сағаттары өтеді. Білім күніне арналған салтанатты жиын мен сынып сағатын өткізу тәртібін, сондай-ақ қатысушылардың санын әрбір мектеп өзі анықтайды», – деді Каринова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Ресми мәліметке сәйкес, республика бойынша 7 мыңнан астам мектеп бар. Барлығы 3,6 миллион оқушы орта білім алып жүр. Жаңа оқу жылы 2023 жылдың 31 мамырына дейін жалғасады.

Дайындық қалай?😉