Жәнібек Әлімханұлы, Метро, Шайбалы хоккей. 28-ші мамырдың топ жаңалықтары

Автор: редактор 28 мая, 2022


Сәлем, қыздар мен жігіттер! Қалдарың қалай?

Бүгінгі ТОП-3 жаңалық топтамасымен де бөлісіп өтейік. Сен үшін қандай жаңалық маңызды әрі қызықты болды?

1️⃣ The Ring нұсқасы бойынша Жәнібек Әлімханұлы ТОП-5 үздік боксшының қатарына қосылды. Ол алтыншы орыннан бесінші орынға көтерілді.

Спортлымызды құттықтаймыз!👏🏻

2️⃣ 30 мамыр сағат 10:00-де «Сарыарқа» және «Бауыржан Момышұлы» метро станциялары іске қосылады.

Олар қазіргі қызмет көрсетіп тұрған тоғыз станцияның жалғасы ретінде қала орталығын жатын аудандармен байланыстырады.

🚆🚞 Ал сен күнделікті қандай қоғамдық көлікпен қатынайсың? Метро әлде автобус?

3️⃣ Шайбалы хоккейден элиталық дивизиондағы 2023 жылғы Әлем Чемпионаты Латвия және Финляндия мемлекеттерінде өтеді.

Осыған дейін элиталық дивизиондағы Әлем Чемпионаты Ресей жерінде өтуі тиіс еді.