Жәрмеңке, Коронавирус, Күн. 6 қыркүйектің топ жаңалықтары

Автор: редактор 06 сентября, 2023


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅

1️⃣ Алматы, Астана және Шымкен қалаларында коронавирусқа шалдығушылар саны артып келеді.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова мәлімдеме жасады.

Оның айтуынша, соңғы аптада әлемде ауруға шалдыққандар саны 38%-ға өскен.

Ал Қазақстан бойынша 10 409 жағдайы тіркелген. Өсім әсіресе Алматы, Астана және Шымкен қалаларында байқалып отыр.

Сонымен қатар Зәуре Ахметова қазіргі таңда вакциналардың кез келген азаматқа қолжетімді екенін атап өтті.

Абай болыңыздар!🙌🏻


2️⃣ 7 қыркүйек Астанада бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке өтеді.

7 қыркүйекте елордадағы «Жастар» сарайында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

Жәрмеңкеде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында түрлі мамандықтар бойынша 650-ден астам бос жұмыс орны ұсынылады.
Іс-шара 7 қыркүйек күні сағат 14.30-дан 17.00-ге дейін «Жастар» сарайында (Республика даңғылы, 34) өтеді.

Бұл шара «Жастар» сарайында болады.📌

3️⃣ Қазақстанда 7-9 қыркүйекте күн қайта ысиды.

«Қазгидромет» РМК ұсынған мәлімет бойынша, республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында ауа температурасы күндіз +18+25°С-қа дейін бірте-бірте көтерілетін болса, батыста, солтүстік-батыста – + 13 + 23 °С градусқа дейін төмендейді.

«Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында негізгі фондық температура +22+30°C», – делінген хабарламада.

Бұл ретте, болжам бойынша, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, екпінді жел аралас жаңбыр жауады.

Жақындарыңызды хабардар етіп қойыңыз☝🏻