Жаңа ауыл, Чемпиондар, Әлем кубогы. 1-ші қарашаның топ жаңалықтары

Автор: редактор 01 ноября, 2022


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️

1️⃣ Ұландық жауынгерлер шорт-тректен Әлем кубогінен күміс медаль жеңіп алды.

Канаданың Монреаль қаласында өткен Әлем кубогінің кезеңінде Қазақстан командасы ерлер эстафетасынан күміс жүлдегер атанды.

Бұл туралы мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.

Қазақстанның ерлер командасының құрамында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5517 әскери бөлімінің әскери қызметшілері өнер көрсетті.

Жарайсыздар!😍🔥🔥

2️⃣ Чемпиондар өмір бойына ай сайын 300 мың теңгеден астам қаражат алады.

Әлем чемпионаттарында Қазақстанның қоржынына жүлде салған спортшылар мен бапкерлердің төлемақысы 4 есе өсті.

Бұл туралы мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.

Қазақстандағы олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық ойындардың, сондай-ақ олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жаттықтырушылары бұған дейін 24 айлық есептік көрсеткіш, яғни 73 512 теңге төлемақы алса, енді 306 300 теңгеден алатын болды.

«Мен бұл мәселені депутат ретінде қанша рет көтердім. Бірақ біз осы жылға дейін ешқандай жауап алған жоқпыз. Енді мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен Олимпиада ойындары жүлдегерлерінің ай сайынғы төлемақысын 100 АЕК-ке дейін арттырды. Бұл спортшылар үшін үлкен қолдау болады. Спортшылардың еңбегін бағалағаны үшін елімізге алғыс айтамыз», — деді Олимпиада чемпионы Ольга Шишигина.

Бұл өзгерістер спортшыларға ғана емес, олардың жаттықтырушыларына да қатысты. Яғни, Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындары мен олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін тәрбиелеген тәлімгерлер өмір бойы алатын ай сайынғы материалдық көмекке құжат тапсыра алады.

«Төлемдер 4 есе өсті деген жаңалықты естіп қуандық. Бұл біз үшін шешімі жоқ мәселе болған. Мұндай қуанышты жаңалық жас спортшыларымызды да жігерлендіретіні сөзсіз. Әсіресе жаттықтырушылар үшін қуаныштымын, олар үшін бұл үлкен қолдау болды», — деп атап өтті Сидней Олимпиасының чемпионы Ермахан Ибраимов.
Айта кету керек, бұл төлемді алу үшін спортшылар мен жаттықтырушылардың спорт саласында кем дегенде жиырма жылдық жұмыс өтілі болуы керек.

Керемет! Чемпиондарымыз көп болсын!👏🏻👏🏻👏🏻

3️⃣ Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданында соғыс кезіндегі атмосфераны толығымен жеткізу үшін жаңадан бір ауыл салынды.

Бұл туралы ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы хабарлады.

«Қара қыз» әскери драмасы үшін соғыс кезіндегі теміржол вокзалы, клуб, мектеп, пошта, диірмен, тұрғын үйлер, барлығы 15 нысан жаңадан тұрғызылды.

«Бұның бәрін салу үшін бір жарым айдай уақыт кетті. Қиын жағдайда жасалынды, айналада ештеңе жоқ, он адам жұмыс істедік. Барлығы архивтік өткен ғасырдың 30-40 жылдарындағы құжаттардың негізінде жасалды», — дейді картинаның қоюшы-суретшісі Еркен Сүлейменов.
Оның айтуынша, бұған дейін ондай нысандар фильмді түсіргеннен кейін бұзылатын. Осы жолы суретші декорацияны қалдырғысы келеді.

«Мен бұл салада ұзақ уақыт жұмыс істедім, түсірілімнен кейін біз әдетте декорацияны бұзамыз. Ондай кезде ішің күйеді. Бұл менің әкемнің жері, мен бұл ауылды қалдырғым келеді, әрине, келешекте кинорежиссерлерге көмектесу үшін. Әсіресе жас студенттерге, олардың дипломдық жұмыстары үшін керемет болар еді», — деп атап өтті Сүлейменов.
«Қара қыз» – Ұлы Отан соғысы кезіндегі адамдардың өмірін баяндайтын әскери драма. Басты рөлдерді жас актерлер Нұрай Сақтапова мен Ерлан Құлмұрзин сомдайды.

Жемісті жұмыс болсын!👍👍👍