Жаңа мереке, VIP номерлер, Махаббат аралы. 15 ақпанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 15 Ақпан, 2023


Кеш жарық, құрметті қыздар мен жігіттер! Бүгінгі күн жақсы жаңалыққа толы болды.

Ендеше назарларыңа ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз.✔️

1️⃣ Қазақстанда жаңа мереке Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы қызметкерлер күні пайда болуы мүмкін.

Бұл туралы үкімет қаулысының жобасы «Ашық НҚА» сайтында пайда болды.

Енді 15 сәуірде Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы қызметкерлер күні аталып өтуі мүмкін.

Түсіндірме жазбада мемлекеттік қызмет қызметкерлерінің өздерінің кәсіби мерекелері жоқ екені, бұл олардың біртұтас салаға және кәсіби қоғамдастыққа қатыстылығын сезіну мүмкіндігінен айыратыны атап өтілген.
«Мұндай мерекені кәсіби мерекелер қатарына қосу мемлекеттік қызметшілердің бір салаға, біртұтас кәсіби қоғамдастыққа қатыстылығын сезінуге мүмкіндік береді, сонымен қатар корпоративтік мәдениетті одан әрі дамытуға ықпал етеді», – делінген құжатта.

Қолдайсыз ба?🤔

2️⃣ Қазақстандықтар 6 миллиард теңгеге VIP-нөмір сатып алған.

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мәлімдеді.

Ведомство Tengrinews.kz сайтының ресми сауалына берген жауабында, 2022 жылы еліміздегі арнаулы халыққа қызмет көрсету орталықтарында жалпы құны 5 миллиард 949 миллион 849 мың 491 теңгеге сұранысы жоғары 20 075 мемлекеттік тіркеу нөмірлері берілгенін хабарлады.
«Ең қымбат нөмірлер – 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777. Бұлардың әрқайсысы 285 АЕК тұрады. Яғни, әрбір нөмір үшін қазақстандықтар 2022 жылы 872 мың 955 теңге төледі», – деп атап өтті Мемлекеттік корпорация.

VIP-нөмірлерге сұраныс көбінесе Алматы тұрғындарынан түскен. Соңғы бір жылда алматылық көлік иелері 2 миллиард 365 миллион 875 мың 494 теңгеге 7 мың 83 VIP-нөмір алған.

VIP-нөмірге осынша қаражат жұмсау қаншалықты дұрыс?😯

3️⃣ Хорватияда «Махаббат аралы» сатылымға шығарылды.

Сатып алатын адам 40 мың шаршы метрді иеленеді. Оның құны – 13 миллион еуро.

Мұнда қонақүй, вилла немесе мейрамханалар жоқ, алайда Галешняк аралына жыл сайын әлемге әйгілі адамдар келеді. Мұндай танымалдылықтың құпиясы – оның территориясы жүрек формасын ұқсас болуы. Бұл хорватиялық ең танымал аралдардың бірі.

Кімнің еншісіне бұйырар екен?😍