Жаңа пән, Отбасы банкі, Mersedes Benz 300 SLR. 20-шы мамырдың топ жаңалықтары

Автор: редактор 20 мая, 2022


1-қыркүйектен бастап Қазақстан мектептерінде жаңа пән пайда болады. Нақтырақ айтсақ, жаңа оқу жылында бірінші сыныптан бастап “еңбекке баулу” пәні енгізіледі. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов хабарлады. Министр жас ұрпақты еңбекке баулудың маңызын атап өтті.

Сонымен қатар, биылдан бастап мектептерде педагог-кәсіптік бағдар беруші болады. Ол оқушының болашақ мамандығын таңдауға көмектеседі.

Жастарға арналған жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасы бүкіл Қазақстанда іске қосылады.

📌 «Отбасы банктің» жеңілдетілген ипотекасы бағдарламасы 2025 жылға дейін кеңейтіледі. Бұл туралы вице-премьер Ералы Тоғжанов мәлімдеді.

Қазір бағдарлама үш ірі қалада – Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте жүзеге асырылып жатыр.

📌 Әлемдегі ең қымбат көлік Mercedes Benz 300 SLR Uhlenhaut Coupé Sotheby’s аукционында 142 млн долларға сатылды. Аталмыш көліктің бастапқы рекорды 95 миллион доллар болды.

Бұл аукционда сатылған ең құнды заттардың ондығына кіреді.