Тимур Тян, Автобус, Ashyq. 26 наурыздың топ жаңалықтары

Автор: редактор 26 марта, 2022


🔈 Қызылордалық Тимур Тян «Голос. Дети» жобасының 9 маусымына қатысып, қазылар алқасының көңілінен шықты. Жас әнші Александр Градскийдің «»Как молоды мы были» әнін орындады. Алғашқы секундтарда қазылар алқасынан оны Егор Крид таңдады.

Тимурдың өнерін тамашаладың ба? Тыңдауға кеңес береміз😍

🔊 Тоқаев Алматыдағы Оқушылар сарайына автобус сыйлады. Бұл автобуспен балалар түрлі байқау, жарыс пен фестивальдерге бара алады.🔥

🔉 28 наурыздан бастап мемлекеттік мекемелерге маскасыз және Ashyq қосымшасын пайдаланбай-ақ кіруге болады. Қазақстан Республикасы президентінің іс басқармасы медициналық орталығының бас мемлекеттік санитар дәрігері осы қаулыға қол қойды.