Жаңалықтар

Автор: редактор 03 Наурыз, 2022


Қыздар мен жігіттер, бүгін бірқатар жақсы жаңалық болды! Ендеше сен де ТОП-3 жаңалыққа көз жүргіртіп шық!

1️⃣ «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханалары 2 171 844 кітаппен толықты.

Оның ішінде мемлекеттік тілдегі әдебиеттер айтарлықтай өсті. Сонымен қатар мұнда тек Қазақстан авторларының емес әлемдік әдебиет туындылары да бар.

Нақтырақ айтсақ, 71% – қазақ тілінде, 23% – орыс тілінде, 6% – ағылшын тіліндегі кітаптар.

Ал сен қай жанрдағы кітаптарды оқығанды ұнатасың?

2️⃣ Қазақстан оқушылары ел намысын әлемдік аренада қорғамақ.

30-дан астам оқушы Қазақстан оқушылары First халықаралық чемпионатының ұлттық финалының қорытындысы бойынша АҚШ-қа жолдама жеңіп алды. Олар әлемнің 200 беделді университетінің бірінде оқу үшін грант пен шәкіртақы алуға мүмкіндік беретін Firs Alumni мәртебесінің иегерлері.

Оқушыларымызға сәттілік тілейміз!

3️⃣ Ауыл оқушыларына арналған “Мың бала” олимпиадасына тіркелу жалғасып жатыр. Олимпиадаға 1000bala.elbasyakademy.kz сілтемесі арқылы тіркеле аласыз. Тіркелу 2022 жылдың 20 наурызына дейін жалғасады.

Ал сен тіркеліп үлгердің бе?