Жалақы, Азамат, Педофилдер.31 қаңтардың топ жаңалықтары

Автор: редактор 31 Қаңтар, 2024


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅

1️⃣ Қазақстанда педофилдер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазақстанда отбасындағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату жоспарланып отыр. Мәжіліс депутаттары жаңа заң жобасын әзірледі.

Парламент мәжілісі «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарайды.

Мәжілісмен, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, заң жобасы мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірленген. Құжат президенттің отбасындағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату тапсырмасына толығымен сәйкес келеді.

Заң жобасында депутаттар бірнеше негізгі норма ұсынып отыр:

ұрып-соғуды және денсаулыққа жеңіл зиян келтіруді қазіргі әкімшілік жауапкершіліктен қылмыстық жауапкершілікке жатқызу, жазасын әлдеқайда қатаңдату;

жәбірленушінің өтінішін күтпей-ақ, зорлық-зомбылық туралы БАҚ немесе онлайн платформалардағы ақпарат негізінде тісті шаралар қабылдау құқығын беру;

отбасында зорлық-зомбылық жасаған адамдардың агрессивті мінез-құлқын өзгерту үшін сотқа психологиялық көмек көрсетуді міндеттеу өкілеттігін беру;

педофилдерді өмір бойына бас бостандығынан айыру;

суицидты насихаттағаны немесе суицидке итермелегені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу;

балаларға арналған интернат ұйымдарына алдын-ала ескертусіз кез-келген уақытта бару және тексеру.
Әлеуметтік-мәдени даму комитеті заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын.

Мына заң қолдау тауып, күшіне енсе жақсы болар еді!🙌🏻

2️⃣ Қазақстан азаматтары Өзбекстанда 30 күн тіркеусіз жүре алады.

Қазақстан мен Өзбекстан азаматтары екі ел аумағында 30 күн тіркеусіз жүре алады.

Парламент мәжілісі 2000 жылғы 7 шілдедегі екі ел үкіметтері арасындағы азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізілген хаттаманы ратификациялады.

Оған сәйкес, Қазақстан мен Өзбекстан өз азаматтарының көрші ел аумағында тіркеусіз жүру мерзімін 5 күннен 30 күнге дейін ұзартады.

Келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға 2022 жылы 22 желтоқсанда Ташкент қаласында қол қойылған болатын.

Жаңа құжат екі ел азаматтарының Қазақстан мен Өзбекстан аумағында болуы үшін қолайлы жағдай жасайды, бауырлас елдер арасындағы экономикалық байланыстың, іскерлік және мәдени тәжірибе алмасудың одан әрі дамуына ықпал етеді.

Жақсы жаңалық екен!🔥

3️⃣ Қазақстандағы орташа жалақы мөлшері аталды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы орташа жалақы мөлшерін жариялады.

Ведомство мәліметінше, 2023 жылдың үшінші тоқсанында қазақстандықтардың орташа жалақысы 350,5 мың теңге болған. Бұл ретте бұл көрсеткіш сол жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда 15 мың теңгеге азайған.

Еңбек министрлігі мәліметінше, 9,1 миллион қазақстандық жұмыспен қамтылған. Оның ішінде 6,9 миллионы жалдамалы жұмысшылар, 2,2 миллионы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.

451,6 мың қазақстандық – жұмыссыз. Оның 168,9 мыңы ресми тіркелген.

Ал сіздің жалақыңыз орташа есепке жете ме?💸