Бәріне сәлем!
Қыздар мен жігіттер, назарларыңызға бүгінгі күннің кезекті ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз!✔️
1️⃣ Астанада бір сәтте 700 оқушы “Мен қазақпын” әнін шырқады
Тәуелсіздік күніне орай Астана қаласындағы №29 орта мектебінің 700 оқушысы ұстаздармен қосылып, “Мен қазақпын” әнін хормен орындады.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, оқушылардың патриоттық сезімін ояту мақсатында ұйымдастырылған бұл челлендж республиканың басқа қалаларындағы оқушыларға жолданды.
Елордалық оқушылар хормен ән айтуды әр мерекеде дәстүрге айналдырып, ұлттық әндерді шырқап келеді. Мұндай іс-шаралар алдағы күндері де жалғасын таппақ.
“Бұл іс-шараға 1-11 қазақ сыныбының оқушылары қатысып отыр. Әнді таңдау қиынға соққан жоқ. Себебі бұл ән тілге жеңіл, жүрекке жақын”, — деді мектеп директоры Айжан Мәметхан.
Видеосын тамашаладыңыз ба?😍
2️⃣ Қазақша сөйлеп жүрген жапон блогері Юдзи Натсума «ҚР туризмі елшісі» атанды
Kazakh Tourism-нің мәліметінше, құрметті миссия оған елімізді әлемге танытудағы үлесі үшін табысталды. Белгілі полиглот қазақ тілін меңгерген және әлемнің түкпір-түкпіріндегі өз оқырмандарын Қазақстанның бай мәдениетімен және табиғатымен танысуға үгіттейді.
Блогер ұлттық дәстүрлерге және қазақстандық шоколадқа ерекше көңіл бөледі. Юдзи оларды өзінің әлеуметтік желілерінде белсенді түрде дәріптейді.
Венада тұратын жапон блогері Юдзи Қазақстанда 3 рет болған. Ол Kazakh Tourism ұйымдастырған ақпараттық турларға да қатысты. Бұл сапарлар оған Қазақстанды тереңірек танып-білуге мүмкіндік берді.
Керемет!🔥
3️⃣ 726 мың теңгеден бастап, 1,3 миллионға дейін: еңбек нарығында жалақысы жоғары мамандықтар белгілі болды
2024 жылдың қараша айында Электрондық еңбек биржасында 96,9 мың бос жұмыс орны және 91,7 мың түйіндеме жарияланды, яғни жұмыс берушілердің де, ізденушілердің де белсенділігі құлдырау динамикасын жалғастырды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті.
Қазан айымен салыстырғанда бос орындар саны 22%-ға (26,7 мыңға) азайды, ал түйіндеме саны 14%-ға (14,3 мыңға) азайды.
Сұраныстың күрт төмендеуі негізінен жылу саласы жұмыскерлерінің қажеттілігінің төмендеуімен байланысты. Қазандық операторлары арасында айтарлықтай төмендеу болды – қазан айында 7 мыңнан қараша айында 500-ге дейін, қазандық машинистері – 2,3 мыңнан 408-ге дейін, сондай-ақ от жағушылар – 6,3 мыңнан 805-ке дейін төмендеді, — делінген хабарламада.
Өңірлер бөлінісінде қараша айында ең көп бос жұмыс орындарын Астана қаласының (8 мың), Павлодар (6,4 мың) және Алматы (5,8 мың) облыстарының жұмыс берушілері орналастырды. Бос орындар санының ең көп қысқаруы Батыс Қазақстан (-52%, немесе -4,8 мың), Қызылорда (-49%, немесе -2,5 мың) және Маңғыстау (-42%, немесе -1,5 мың) облыстарында байқалды. Халық тығыз қоныстанған өңірлер арасында төмендеу Түркістан облысында (-34%, немесе -3,2 мың) және Алматы қаласында (-32%, немесе -3 мың) байқалады.
Өткен айдағыдай, ЭЕБ-да қараша айында әрбір бесінші бос орынды жеке кәсіпорындар (19,8 мың), қалғандарын (77,1 мың) заңды тұлғалар орналастырды.
Барлық түйіндеменің жартысына жуығын 16 жастан 34 жасқа дейінгі жастар (43,9 мың) орналастырады, олардың ішінде ең белсенділері 16 жастан 24 жасқа дейінгі және 29 жастан 34 жасқа дейінгі топтар, олар ЭЕБ-да орналастырылғандардың жалпы санының 18%-ын құрайды. Жұмыс іздеген әрбір төртінші (23 мың) — орта жастағы (35-тен 44 жасқа дейін) ізденуші, ал зейнеткерлікке дейінгі жастағы ізденушілерге барлық түйіндемелердің 9% (8,7 мың) тиесілі болды, — деп хабарлады ведомство.
Жұмыс берушілер мынадай ең жоғары жалақы ұсынған:
— бас құрылысшыларға орта есеппен 726 мың теңгеден бастап;
— өндіруші өнеркәсіптегі қызмет бастықтарына шамамен 649 мың теңге;
— диірменшілерге шамамен 580 мың теңге ұсынды.
Ал үміткерлер, яғни жұмыс іздеушілер арасында мынадай лауазымға ең жоғары жалақы күткен:
— әзірлеу жөніндегі жобалардың басшысы орта есеппен 1,3 млн теңгеден бастап;
— талдау қызметінің бастығы шамамен 1,2 млн теңге;
— ұшқыштар шамамен 1,1 млн теңге сұраған.
Осылайша, қараша айында ЭЕБ-да іздеу және жалдау белсенділігінің төмендеу үрдісі жалғасты. Жылыту жүйелерінің операторлары құлдырауға негізгі үлес қосты, себебі бұл кәсіпорындар қазан айында штатты қажетті кадрлармен қамтамасыз етті. Сонымен бірге еңбек нарығында маусымдық ауытқуларға ұшырамайтын мамандықтары бар мамандарға жоғары сұраныс сақталды.
Ал сіздің жалақыңыз көңіліңізден шыға ма?🤔