Жанбота Алдабергенова,Футбол, Паспорт. 21 ақпанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 21 Ақпан, 2023


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!

1️⃣ Кеше қазақ спорт әлемінде ерекше оқиға орын алды. Біріккен Араб Әмірліктерінің «Әл-Жазира» футбол клубы жас әрі талантты футболшы – Ақжол Әбдірахмановпен келісімшартқа отырды.

Қазақстандық футболшы Ақжол Әбдірахманов ресми түрде 16 жасында «Рио Аве» португалиялық футбол клубының мүшесі болды. Ал 8 жасынан бастап Испанияның элиталық Марсет академиясында тұрып, жаттығып, футболшы – Пикенің ұлы және әнші – Шакирамен бірге жаттықты. Сондай-ақ Ақжол Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы әрі осы жерде жоғары нәтиже көрсетіп жатқанын атап өткен жөн.

“Мен алаңға кірген кезде ешкім көмектеспейтінін түсіндім. Мұнда Испания-Португалияда жинаған тәжірибем мен шеберлігіме ғана сендім. Көпшілік қазақ спортшыларын бауырлас көрші ретінде қолдап жатады. Солардың бірі меценат, спорттық пікір жетекшісі, Өзбекстан бокс федерациясының вице-президенті – Рахимов Ғафур Ахметұлы. Ол маған үлкен спортқа жол ашып, «Араб клубына» кіруге үлес қосты.

Осы тұста маған қолдау көрсетіп, қызығушылық танытқан Қазақстан халқына алғыс айтамын. Мен үшін футбол – өмір. Себебі алаңға шыққан кезде Қазақстан атынан үлкен жауапкершілікті сезінемін.

Сегіз жасымнан бастап өмірімді футболға арнадым. Испания мектебі мінезімді қалыптастырып, спортта үздік болуға баулыды. Сол қатаң режимнің арқасында жетістіктерге жетіп келемін.
Сонымен қатар кішкентайымнан арманынама демеу болған отбасыма, бапкерім – Кузнецов Александр Евгеньевичке алғыс айтқым келеді” – дейді, футболшы.

Керемет! Талантты футболшымыз әлемдік аренаны бағындыра берсін! 🔥😍

2️⃣ Жанбота Алдабергенова фристайл-акробатикадан әлем чемпионатының финалына шықты.

Фристайл-акробатикадан Қазақстан командасының өкілі Жанбота Алдабергенова Бакурианиде (Грузия) өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты.

Біліктілік қорытындысы бойынша спортшы 84,10 балл жинап, сегізінші орынға ие болды.

Ал Аяна Жолдас 18-ші нәтижені көрсетіп, шешуші раундқа өте алмады.

Құтты болсын! Жеңіс тілейміз!👏🏻👏🏻👏🏻


3️⃣ Қазақстанда кәмелетке толмаған балалар паспорты арзандауы мүмкін.

📌 Тиісті өзгерістерді Салық кодексіне енгізу жоспарланып отыр.

Сенаттың қаржы және бюджет комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекске (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексті қолданысқа енгізу туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылады.
Құжатта кәмелетке толмағандарға төлқұжат бергені үшін мемлекеттік бажды 8 АЕК-тен (27 600 теңге) 4 АЕК-ке (13 800 теңге) дейін төмендету ұсынылған.