Жансая Әбдімәлік, Мона Лиза портреті, УЕФА Қазақстан футбол федерациясы. 30-шы мамырдың топ жаңалықтары

Автор: редактор 30 мая, 2022


Кеш жарық, көзі қырақты қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз.

1️⃣ ♟Халықаралық гроссмейстер әрі Алматы шахмат федерациясының президенті Жансая Әбдімәлік шахмат Бундеслигасының чемпионы атанды. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Шахмат Бундеслигасы — әлемнің жетекші шахмат лигаларының бірі. Мұнда үздік ойыншылардан құралған 16 команда ойын көрсетеді. Осылайша олар Германия чемпионы атағы үшін жарысады.

Жансая Әбдімәлікті жеңісімен құттықтаймыз! 👏🏻

2️⃣ Луврға келген ер адам әлемге әйгілі Леонардо Да Винчидің шедеврі – «Мона Лиза» картинасына торт лақтырды. Бұл туралы Marka басылымы хабарлады.

Аталмыш оқиға жексенбі күні болды. Ер адам мұражайға мүгедектер арбасына таңылған қарт әйел образында келген. Ол аты аңызға айналған туындыға ойламаған жерден торт лақтырған.

Ер адам не үшін мұндай қадамға барды деп ойлайсың? 🤔

3️⃣ УЕФА Қазақстан футбол федерациясына 19 250 еуро көлемінде айыппұл салды.

Бұған себеп болған жағдай Қазақстан мен Молдова құрамалары арасындағы матчта жанкүйерлер зат лақтырып, алаңға жүгіріп шыққан.

Басшылық ұлттық құрамаға ескерту жасап, жанкүйерлердің мәдениет сақтауын сұрады. Себебі мұндай қадам арқылы матчқа қатысу мүмкіндігінен айырылуы мүмкін.

⚽️ Дұрыс шешім қабылдады деп ойлайсың ба?