Жансая Әбдімәлік, Проза, Армрестлинг. 10-шы тамыздың топ жаңалықтары

Автор: редактор 10 Тамыз, 2022


Бәріне сәлем!

Назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ Жансая Әбдімәлік қола медаль алды

Ол 2022 жылғы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында алғашқы тақталар арасында қола жүлдегер атанды.

Бірінші тақтада команданың ең мықты ойыншылары ойнайды.

Айта кетейік, халықаралық рейтингіге сәйкес әйелдер құрамасы Олимпиаданың бастапқы тізімінде 10-шы орынды иеленіп, қорытынды нәтижеде 5-ші орынды алды.

Құттықтаймыз!👏👏👏

2️⃣ Әзербайжанда «Қазақ прозасы» антологиясы жарық көрді

«Қанун» баспасынан шыққан 608 беттік «Қазақ прозасы» антологиясы Әзірбайжан мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына арналған.

Антологияның аудармашысы және құрастырушысы Нариман Абдулрахманлы, ал редакторы Махир Гараев.

Достықтың белгісі деші!👍👍👍

3️⃣ Армрестлингтен жүлделі орын алған спортшыларға 2 бөлмелі пәтер берілді

Турнирге Түркістан өңірінен Сарыбай Ердаулет пен Қыдырғали Оңғарбаев барған болатын.

Жүлдемен оралған спортшыларға Түркістан облысы гір спорты және армрестлинг федерациясының президенті Арман Карсыбаев пәтер кілттерін табыс етті.

Керемет емес пе?!😍😍😍