1️⃣ Қазақстанда алғаш рет VI халықаралық музыкалық «Жара» фестивалі өтеді. Аталмыш фестваль 25-28 шілде аралығы Алматы қаласында болады. Мұнда 200-ден астам әнші өнер көрсетеді.
Атап айтатын болсақ, «Ринго» , «Орда», Луина, Айқын, Баста, Zivert, Дима Билан, Сергей Лазарев, Григорий Лепс, A»Studio, Emin, Ваня Дмитриенко, HammAli & Navai, Jony, Anna Asti және тағы басқа әншілер.
2️⃣ Халықаралық пәндік олимпиада жеңімпаздарына қомақты мөлшерде ақшалай сый беріледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті заңға қол қойды.
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қанша көлемде сыйақы берілетінін айтты.
📌Алтын медаль — 1 500 АЕК (4 770 000 теңге),
📌Күміс медаль — 1 000 АЕК (3 180 000 теңге),
📌Қола медаль — 500 АЕК (1 590 000 теңге).
✔️ Сонымен қатар оқушыларды жарысқа дайындаған мұғалімдерге де біржолғы сыйақы беріледі.
3️⃣ Дүниежүзілік гимназияда ойындарында қазақ оқушылары 72 медаль жеңіп алды.
Оның ішінде 28 алтын, 28 күміс, 16 қола бар. Бұл туралы Білім министрі Асхат Аймағамбетов хабарлады.
Олар таэквондо, жүзу, жеңіл атлетика, дзюдо, еркін күрес, семсерлесу, көркем гимнастика, садақ ату, бокс және әйелдер күресі бойынша өткен ойынның жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды.