“Жас қанат. Балалар”, Стендапшы, Камералар.28 наурыздың топ жаңалықтары

Автор: редактор 28 марта, 2023


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ Азия дауысы — Халықаралық фестивалі аясында “Жас қанат. Балалар” сурет байқауына жұмыстар қабылдау басталды.

Байқауға 13 жасқа дейінгі балалар қатысып, бағын сынай алады. Жұмыстар 15-сәуірге дейін қабылданады.

Алматы бойынша жұмыстарды Қабанбай батыр көшесі 51/78, Қалдаяқов көшесінің қиылысы “Maxima” ТҰ, БДО “Almaty Tutoring” “By art” studio мекенжайына өткізе аласыз.

Ал аймақтар үшін пошта арқылы: jaskanat.deti @mail.ru

Шарты: Аз форматта сканерленген немесе жоғары сападағы фотосуреттер . 720 Пиксель: JPG форматында болуы қажет.

📞 Анықтама телефоны: +7 707 339 33 70

2️⃣ Даниялық стендапшы Қазақстан құрамасының жеңісін арзан әзілімен мазақ етті.

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу сатысында Қазақстан құрамасы өз алаңында Даниямен кездесіп, оларды 3:2 есебімер жеңген болатын.

Осы тұста даниялық стендапшы — Андерс Фельстед өз елінің Қазақстан футбол командасының жеңіліп қалуына қатысты жазба жариялады.

Ол футболшылардың бетін жанжалды фильмнің бас кейіпкері — Бораттың бейнесімен жауып, Twitter-де Қазақстан құрамасының командалық суретін жариялады.

📍 Бұл жазба қазақстандық жанкүйерлердің наразылығын тудырып, оның астына көптеген пікір жазылды.

«Біз олардан жеңіліп қалдық», — деп жазды ол сурет астына.

3️⃣ Ақылы жолдардағы камералар жылдамдықты тіркеуді бастайды.

Қазақстандағы ақылы жолдарда автокөлік жылдамдығын өлшейтін құрылғылар орнатылып жатыр. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков айтты.

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ақылы учаскелерінде орнатылған камералар жылдамдық шегін бекіту үшін пайдаланылмақ.

Республикалық маңызы бар жолдардың бойында 94 арнайы камера орнатылған. Қазір соның 33-і іске қосулы. Жол-көлік оқиғаларының көбі жылдамдық талаптарын сақтамау салдарынан болады. Сондықтан Ішкі істер министрлігімен бірлесе жолдардың бойында тиісті құрылғыларды орнату жұмыстары қолға алынған.

Енді жол жылдамдығына мұқият болыңыздар✔️