Жас қанат,Блогерлер,Олимпиада. 29 мамырдың топ жаңалықтары

Автор: редактор 29 Мамыр, 2023


Кеш жарық, құрметті қыздар мен жігіттер! Бүгінгі күн жақсы жаңалыққа толы болды.

Ендеше назарларыңа ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз.✔️

1️⃣ Бүгін “Жас қанат-2023” жас орындаушылар байқауында жеребе тасталып, қатысушылар өнер көрсету реттілігін анықтады.

Байқауды тамашалағың келсе, біздің конкурсқа қатысып, билет ұтып алыңыз!😍

Конкурс шарты:

1. Инстаграм парақшамыздағы соңғы 5 постқа лайк басыңыз;

2. Осы посттың астына 1 досыңызды белгілеңіз.

1 маусым сағат 19.00-де концертке келіп, болашақ супержұлдыздарымыздың өнерін тамашалаңыз!

2️⃣ Қазақстанда жалған ақпарат таратқан блогерлерге айыппұл салынады.

Ал сіздің блогерлердің жалған ақпаратына алданған кезіңіз болды ма?🤔

3️⃣ Физикадан Азия олимпиадасында Қазақстан оқушылары бір алтын, екі қола медаль иеленді.

Құтты болсын!👏🏻🔥