Жастар, Қоңырау, Құжат. 23 тамыздың топ жаңалықтары

Автор: редактор 23 августа, 2024


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ Алматыда алғашқы қоңырау 2 қыркүйекке ауыстырылды

Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.

«1 қыркүйек демалысқа тұспа-тұс келеді, 2 қыркүйекте алғашқы қоңырау соғылады.

Педагогтердің еңбегіне ақы төлеуге қатысты Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 79-бабына сәйкес жұмыс беруші қызметкердің нақты жұмыс істеген және жұмыс істемеген уақытының есебін жүргізуге міндетті екенін хабарлаймыз”, — деді әкімнің орынбасары.

Бұған дейін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 1 қыркүйек жексенбіге тұс келсе де алғашқы қоңырау соғылатынын айтқан еді.

1 қыркүйек мектеп оқушылары үшін демалыс күні болып жарияланыпты👍

2️⃣ «Елорда жастары» бағдарламасына өтінім беру 4 қыркүйекте басталады.

4-10 қыркүйек аралығында Астанада «Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасына қатысу үшін өтінімдер қабылданады. Өтінімді Астана қаласы әкімдігінің қызмет көрсету порталында онлайн беруге болады.

Бұл ретте астаналық 75 жасты баспаналы ету көзделіп отыр.
Бағдарламаның негізгі шарттары:

Несие сомасы – 18 миллион теңгеге дейін;

Бастапқы жарна – 10 пайыз;

Несие мөлшерлемесі – 5 пайыз;

Несие ұзақтығы – 19 жыл.

Бағдарламаға кімдер қатыса алады?

Техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда келесі сала қызметкерлері қатыса алады: мұғалімдер; дәрігерлер; ЖОО және ҒЗИ оқытушылары мен қызметкерлері; журналистер; мәдениет саласының қызметкерлері; спортшылар мен жаттықтырушы-оқытушылар; әлеуметтік қызметкерлер; коммуналдық сала қызметкерлері; полиция департаменті қызметкерлері; төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері; тұрғын үй кезегінде тұрған жетім балалар.

Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!📌

3️⃣ Құжаттардың жарамдылық мерзімін ұзарту автоматты режимге ауыстырылатын болды

Бұл туралы орталық коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Салауат Мүксімов мәлімдеді.
— Яғни, құжаттардың мерзімдерін ұзартуға азаматтардан өтінім беруді күтпей, оларды ұзатру автоматты резимде ұсынылатын болады. Мысалы, наториалдық-адвокаттық және жеке сот орындаушылардың қықзметін жүзеге асыруға арналған лицензиялар проактивті форматта ұсынылатын болады. Ішкі істер министрлігінің жоспарына сәйкес азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттардың қолдану мерзімі аяқталатыны туралы СМС хабарлама сервисін әзірлеу көзделген,-дейді спикер.

Бұдан былай өтінім беруді күтпейсіздер🔥