Жастар рухы, Жалақы, Футбол. 4-ші қыркүйектің топ жаңалықтары

Автор: редактор 04 Қыркүйек, 2022


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️

1️⃣ Алматыда «Жастар рухы» коворкинг орталығында Қостанайдағы тілсіз жаудан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек ұйымдастырылып жатыр.

Шара ұйымдастырушысы – AMANAT партиясының Алматы қалалық филиалы. Көмек орталығына кәсіпкерлер, қала тұрғындары, қарапайым азаматтар өз үлестерін қосып жатыр. Қант, ұн, күріш, сары май, сабын сынды тұрмыстық қажеттілік тудыратын заттар жиналу үстінде.

«Бүгін таңертеңнен бастап Қостанайға көмек қолын созу мақсатында гуманитарлық пункт ашылды. Еріктілер, тұрғындар, көмектесуге ниетті жастар келіп жатыр. Мұнда азық-түліктен бөлек, жеке гигиеналық заттар әкелгендер бар. Сонымен бірге, құрылыс заттарын да алып келді. Көмектесем деушілер қатары көбейіп келеді», – деді «Жастар рухы» ЖҚ АҚФ төрағасы Әкежан Кеңесов.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!🙌🏻

2️⃣ Футболдан Қазақстан чемпионатының 18-турында Қарағандылық «Шахтер»«Тараз» 25/24 ұпаймен жеңді.

Бірінші таймның 16-минутында «Шахтер» сапындағы босниялық Эдин Рустемовичтің бағыттаған добынан кейін «Тараздың» қорғаушысы Нұрлан Дайыров баспен өз қақпасына гол соғып алды.

Тараздықтардың есепті теңестіретіндей мүмкіндіктері болды. Болгариялық Милен Гамаковтың алыстан тепкен добы қақпа маңдайшасынан кері қайтты. Алайда, есеп екінші кезеңде де өзгерген жоқ.

Осылайша, 1:0 есебімен қарсыласын тізе бүктіріп, 27 ұпай жинаған қарағандылықтар турнир кестесінде төртінші сатыға көтерілді.

Кім футбол тамашалап жүр?)

3️⃣ Қыркүйек айында ең төменгі жалақыны 60 мыңнан 70 мыңға дейін көтеру туралы өзгеріс енгізіледі. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жеткізді.

Биылғы жолдауда президент ең төменгі жалақыны 70 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырған. Осының арқасында 1,8 миллион адамның табысы артады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, ең төменгі жалақыны көтеру үшін алдымен есепқисап жасау қажет. Бұл жұмысқа халықаралық сарапшылар да тартылады.

«Бұл тапсырманы орындау үшін 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасына ең төменгі еңбекақы көлемін 60 мыңнан 70 мыңға дейін өсіру туралы қыркүйек айында өзгеріс енгізіледі. Ал ең төменгі еңбекақыны анықтау және оны кезең-кезеңімен өсіру методикасын әзірлеу үшін Дүниежүзілік банктің сарапшыларын тарта отырып, зерттеу жүргізуді жоспарлап отырмыз. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, жаңа методиканы 2023 жылдың наурыз айына дейін дайындаймыз. Ал келісілген методиканы және ең төменгі еңбекақыны арттыру механизмдері 2023 жылдың желтоқсан айына дейін ең төменгі әлеуметтік стандарттар туралы заңға және еңбек кодексіне енгізіледі» , – деді Тамара Дүйсенова үкімет отырысында.

Осылайша, ең төменгі жалақы 70 мың теңгеге дейін көтеріледі.

Жақсы жаңалық екен!👏🏻 Сіздің алатын жалақыңыз қажеттілігіңізге жете ме?