Жасыл комета, Елена Рыбакина, Шетел көліктері. 22 қаңтардың топ жаңалықтары

Автор: редактор 22 января, 2023


Кеш жарық, құрметті қыздар мен жігіттер! Бүгінгі күн жақсы жаңалыққа толы болды.

Ендеше назарларыңа ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз. 🔥

1️⃣ Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын жеңді.

Елена Рыбакина (№25) әлемнің №1 ракеткасы польшалық Ига Швентекті жеңіп, Австралияның ашық чемпионатының ширек финалына шықты.

Бұл үшін Қазақстанның бірінші ракеткасы бір жарым сағат уақыт жұмсады – 6:4, 6:4. Ал екінші сетте Елена 0:3 есебімен жеңіліп қалды.
Турнирдің жартылай финалына шығу үшін қазақстандық теннисші Кори Гауфф және Елена Остапенко арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.

Жарайсыз, Елена!😍👏🏻

2️⃣ Жасыл комета ақпан айында Жерге ұшып келеді.

C/2022 E3 (ZTF) кометасы 2022 жылдың наурызында Америка Құрама Штаттарындағы Паломар обсерваториясында ашылды. Бұл осы жылдың ең жарқын жаңалықтардың бірі болуы мүмкін. Бақылау барысында Жерге ең жақын жақындау кезеңі қаңтардың аяғында — ақпанның басында күтіледі. 2 ақпан құйрықты жұлдыз Жердің жанынан 42 миллион шақырым қашықтықта ұшып өтеді.

NASA мәліметтері бойынша, кометаның айналу кезеңі соңғы палеолит дәуірінде болған. Осы кезде оны хомо сапиенстің алғашқы өкілдері мен соңғы неандертальдықтар байқады.

Соңғы рет ол ғаламшарымыздан 50 000 жыл бұрын өткен.📌

3️⃣ Қазақстанда 23 қаңтардан бастап шетелдік көліктерді заңдастыру басталады.

ЗАҢДАСТЫРУ ҮШІН ТАЛАП ЕТІЛЕТІН ЕРЕЖЕЛЕР

Автокөлік Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген болуы керек; Криминалдық есепте болмауы керек; Басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы тиіс; Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автокөлік кедендік тазартудан өтуі қажет. Өтінім беру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.

ӨТІНІМ БЕРУ ЖОЛДАРЫ

— е-gov.kz электронды үкімет порталы арқылы;
— Екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы;
— ХҚКО-ның «Өз-өзіне қызмет көрсету секторы» арқылы.

АВТОКӨЛІКТІ ЗАҢДАСТЫРУ ҮШІН ҚАЖЕТ ҚҰЖАТТАР

— Өтінім;
— Өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат;
— Көлік құралының паспорты немесе тіркеу туралы куәлік;
— Көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат.
Нәтижесі арнайы базаға тіркеледі және көлік иесінің телефонына 1414 нөмірінен SMS жіберіледі. Онда қабылданған шешім нақты жазылады. Заңдастыруға рұқсат етілсе, мемлекеттік алымдар төлеу қажет.
— Алғашқы тіркеу үшін — 200 000 теңге;
— Техпаспорт үшін мемлекеттік БАЖ — 4 313 теңге;
— Мемлекеттік нөмір — 9 660 теңге.
Одан соң көлік иесі шетелдік техпаспорт, меншік құқығын растайтын құжатты ХҚКО мамандарына тапсырады. Тіркеу бекітілгеннен кейін автокөлік иесіне ҚР тіркеу құжаты, мемлекеттік нөмір беріледі.

Ал сен өтінім беруге дайынсың ба?🤔