Жасыл зона, Ивана Трамп, Оқушы қыз. 15-ші шілденің топ жаңалықтары

Автор: редактор 15 Шілде, 2022


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз! ✔️

1️⃣ Алматы «жасыл» аймаққа өтті. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ОКҚ брифингінде мәлімдеді.

Бүгінде Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары «жасыл» аймақта”. Сонымен қатар бұл қатарда Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары да бар.

Алайда сақтанып жүріңдер! 🙌🏻
Себебі тамыз айында қайта өршуі мүмкін.

2️⃣ АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың бірінші әйелі Ивана Трамп 73 жасында дүниеден өтті.

Трамп өзінің әлеуметтік желісінде жүрек тебірентер жазбасымен бөлісті. Ол жұбайының керемет, ақылды әйел болғанын жазды. Сондай-ақ олардың ортақ үш баласының әрдайым аналарымен мақтанатынын да жеткізді.

ABC News басылымы оның жүрегі тоқтап қалғанын жазды.

3️⃣ Алматыда 10 жастағы оқушы 3 жасар қызды әжетхана шұңқырынан алып шықты.

Оқиға 2022 жылы 14 шілдеде Қарасай ауданы Іргелі ауылында болған. Бұл туралы келесі күні таңертең Төтенше жағдайлар департаментіне хабарланған.

«2011 жылғы бала сағат 9:40 шамасында қазылған шұңқырдан (дәретхана) 2019 жылғы көрші қызды алып шықты. Анасынан үш жасар қыз дәретханаға құлап кеткенін білген соң, әкесі мен баласы көмекке асыққаны белгілі болды.

Алдымен ер адам дәретхананың тесігіне өзі түсуді ұйғарған, өкінішке қарай, тесік тым кішкентай болған. Сонда 10 жастағы Әлихан қазылған шұңқырға түсуге өзі сұранған, ол дәретхананың кішкентай тесігіне өзі ғана сиятынын түсінген. Ұлын арқанмен байлап, дәретханаға тесігінен түсіріп, алдымен қызды, содан кейін ұлын тез шығарды», – делінген хабарламада.

Кішкентай болса да батыл азамат екен!🙌🏻🔥