Құжат, Алтын медаль, Банкрот. 2 қазанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 02 октября, 2023


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ Банкрот болғысы келетін қазақстандықтарды алдап жүрген алаяқтарға байланысты салықшылар ескерту жасады.

Салықшылар банкроттық рәсімі бойынша алаяқтардың делдалдық қызметтерді жиі ұсына бастағанын ескертті. Сол үшін ақшалай сыйақы да сұрайды. Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді.

Заңға сәйкес, соттан тыс банкроттық үшін ешқайда барудың қажеті жоқ. Электронды түрде өтініш тапсырса жеткілікті.

«Сіз 1414 нөміріне қоңырау шалу немесе SalyqBot Telegram чатқа жазу арқылы кеңес ала аласыз. Сондай-ақ, ХҚКО операторларына немесе мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне жүгініп, рәсімді қолдану тәртібіне тегін кеңес және түсіндірулер алуға болады», — дейді салықшылар.

Банкроттық рәсімінен өту тәртібі қаржы министрлігі мен мемлекеттік кірістер комитетінің сайттарында жарияланған. Ал өтініш беру жөніндегі нұсқаулықты eGov.kz сайтынан дабойынша көруге болады.

Бұдан бөлек банкроттық мәселесі бойынша кеңес алу үшін «Аманат» партиясының облыстық филиалдарына жүгінуге мүмкіндік бар.

Айта кетері, 3 наурыздан бастап банкроттыққа өтініштер қабылдау басталған болатын. Азаматтар соттан тыс банкроттыққа өтінішті (қаржы ұйымдары алдындағы борыштар бойынша 5,5 млн. теңгеден аспайтын сомаға) ХҚКО-ға келмей-ақ, электрондық үкімет порталы (eGov.kz.), сондай-ақ e-Salyq Azamat немесе eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы бере алады.

Абай болыңыз! 📌

2️⃣ Қазақстанның спортшылары Азия ойындарында тағы бір алтын медаль жеңіп алды.

Байдарка мен каноэде ескек есуден ерлер арасындағы жұптық жарыста Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров 500 метр қашықтықта алдына жан салмай, Азия ойындарының чемпионы атанды.

Осылайша, Қазақстан қоржынына төртінші алтын түсті.
Айта кетері, осы алтын жүлденің арқасында Қазақстан құрамасы командалық есепте екі сатыға көтеріліп, үздік ондықты түйіндеп отыр. Спортшыларымыз осы уақытқа дейін 36 медаль (4 алтын, 7 күміс пен 25 қоланы) жеңіп алды.

Құтты болсын!👏🏻 Қоржынымызда төртінші алтын!😍

3️⃣ Президенттік жастар кадр резервіне құжат қабылдау аяқталды.

Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бір айдың ішінде pkrezerv.gov.kz ресми сайтында 30 мыңнан астам адам тіркелді. Соның ішінде 6 404 қатысушы «Мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау» тестілеуіне жіберілді.

Резервке іріктеу 6 кезеңнен тұрады. Олар:

құжаттарды қабылдау;

мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау;

нақты жағдайға қатысты тапсырмаларды шешу;

құзыреттерді бағалау (ассессмент-орталық және құзыреттілік бойынша сұхбат);

сарапшылық комиссиясында әңгімелесу;

Ұлттық комиссияның отырысы.
Іріктеу қорытындысы бойынша резервке 50 адам қабылданады. Олардың тізімі желтоқсан айының соңында жарияланады.

Сіз де өз бағыңызды сынап көріңіз!👍