Жеңіл атлет,Кредит, Болашақ. 2 ақпанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 02 февраля, 2023


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ 2023 жылдан бастап «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары үшін міндетті еңбекпен өтеу мерзімі бір жылға қысқартылды.

Халықаралық бағдарламалар орталығы баспасөз қызметі осылай мәлімдеді.

«Биыл «Болашақ» стипендиясына үміткерлерді іріктеу ережелері жетілдірілді. Енді байқауға шетелдік университет немесе ұйымның академиялық оқуға гранты бар талапкерлер де қатыса алады. Мұндай стипендиаттардың жұмыс мерзімі қысқартылады. Астана, Алматы және Шымкент қалаларында бес жылдан төрт жылға дейін, еліміздің басқа өңірлерінде үш жылдан екі жылға дейін», — деді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин.

Ол «Болашақ» стипендиаттың тұруына, тамақтануына, медициналық сақтандыруға, әуе жолына, визалық төлемдеріне, оқу материалдарын сатып алуға кететін шығындарын өтейтінін атап өтті. Бұл қазақстандықтардың мүмкіндіктерін арттырады, сонымен қатар бюджет қаражатын айтарлықтай үнемдейді.

Осындай жаңа өзгерістер орын алып жатыр.📍

2️⃣ Қазақстандық жеңіл атлет Чехиядағы ірі турнирде алтын медаль жеңіп алды.

Қазақстандық жеңіл атлет Кристина Овчинникова Чехияда өтіп жатқан World Athletics Indoor Tour – Silver ірі турнирінің жеңімпазы атанды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Отандасымыз биіктікке секіруден алтын медаль жеңіп алды. Спортшының үздік көрсеткіші – 190 сантиметр.
Екінші орын украиналық Юлии Чумаченкоға (187 см) бұйырды. Чехиялық Микаэла Хруба (187 см) «қоланы» қанағат тұтты.

Құтты болсын!😍👍

3️⃣ 2,5 проценттік жеңілдетілген кредит келесі айдан бастап беріле бастайды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмади Сарбасов жастарға арналған 2,5 проценттік кредит келесі айда беріле бастайтынын айтты.

Микрокредит кәсіпкерлік қызметті бастағысы келетін немесе кәсіпкерлікпен айналысатын 21 жастан 35 жасқа дейінгі азаматтарға конкурстық негізде беріледі.

🖋️ Жеңілдетілген кредиттің шарттары:

номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5%;

қарыздың ең жоғары сомасы – 5 миллион теңге (ол үшін кепілдік қою керек);

мерзімі – 5 жыл, ал мал шаруашылығы саласы болса, 7 жыл.

Сондай-ақ негізгі берешек пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдік кезеңі қарастырылған. Ол кредит берілген мерзімнің үштен бірінен аспауы шарт. Ал мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кредит өтеусіз беріледі.

Ескере жүріңіздер!☝🏻📌