Жеңіл атлетика,Ескендір Қасымбай, Хамзин Витебск. 17-ші шілденің топ жаңалықтары

Автор: редактор 17 июля, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ АҚШ-та өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстанның екі жеңіл атлеті финалға жолдама алды.

Бұл туралы Olympic.kz хабаралады.

Олардың бірі – алтын медальға үміткер спортшы Нора Джеруто. Ол кедергілермен 3000 метрге жүгіруде белгіленген межені 9:01.54 уақытта аяқтады. Ал Дэйзи Джепкемей жарыс бағдарламасының осы түрін 19-шы болып аяқтады.

Ал Каролин Чепкоеч Кипкируи әлем чемпионатында жетінші орын алып, Қазақстанның жаңа рекордын орнатты. Ол әйелдер арасынан 10 000 метр қашықтықты 30:17.64 уақытта жүгіріп өтті.
Айта кетейік, басты жарысқа 15 атлет қатысты.

Құттықтаймыз!😍👏🏻

2️⃣ Қазақстандық офицер Ескендір Қасымбай мен ресейлік турист Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы Үлкен Шабақты көлінде бір отбасын ажалдан аман алып қалды.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кешкісін көл жағасында демалып жатқан Ескендір көмек сұрап айғайлаған адамдардың дауысын ести сала жағадан жарты шақырым жерде ауа төсенішіндегі ересек адам мен баланы көреді. Демалушы ер адамның желдің күшеюіне байланысты жағажайға оралуы қиынға соққаны бірден байқайды.

Ескендір Қасымбай еш ойланбастан оларға көмекке асығып, жүзе жөнеледі. Ол көл ортасындағыларды құтқаруға жалғыз әрекет еткен жоқ. Көмекке ресейлік Полина Савельева қоса ұмтылған. Кейін белгілі болғандай, оның кәсіби жүзгіш екені анық болды.
Бірлескен іс-қимылдардың арқасында құтқарушылар дер кезінде мәселені бақылауға алды. Біраздан соң ер адам өздігінен жүзе бастайды. Алайда жағалауға жетпей ол суға бата бастаған. Сәтін салғанда, демалушылар уақытылы қосымша көмек көрсеткен.

«Ол жаққа жүзу аса қиын болған жоқ, қайтарда ғана қол-аяғымның талғаны сезілді, ентігу пайда болды. Бірақ дене шынықтыру жаттығулары көмектесті. Менімен бірге құтқаруға қатысқан қыз жүзумен айналысқан екен. Сондықтан бізге спорттың септігі тиді деп айтуға болады», – дейді аға лейтенант Ескендір Қасымбай.

Жүрегі кең, батыл азаматтарымыз көбейе берсін! 🙌🏻🙌🏻🙌🏻

3️⃣ Әлинұр Хамзин Витебскідегі «Славян базарында» «Қазағым-ай» әнін орындап, екінші орын алды.

Бас жүлдені Беларусь иеленсе, бірінші орынды Ресей өкілі алды. Ал үшінші орынға Болгария мен Мексиканың жас әншілері ие болды.

Жас таланттың өнерін тамашаладың ба?💫