Желі, Медицина, Олимпиада. 3 қыркүйектің топ жаңалықтары

Автор: редактор 03 сентября, 2024


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ Париж Олимпиадасының жүлдегерлері магистратура мен докторантура грантына ие болды

Олимпиадада жүлде алған үш спортшы Қазақ спорт және туризм академиясында тегін білім алады.

Алматыдағы Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов Париж Олимпиадасының жүлдегерлері Демеу Жадыраевқа докторантурада, Нариман Құрбанов пен Ғұсман Қырғызбаевқа магистратурада тегін білім алуға мүмкіндік беретін Академия грантын табыс етті.

Білім гранттары академияның бірінші курс студенттерін қабылдау рәсімінде табысталды. Ерекше атап өтер жайт, Париж Олимпиадасында ел қоржынына түскен жеті медальдің бесеуін Қазақ спорт және туризм академиясының түлектері иеленген. Олар – Демеу Жадыраев, Нариман Құрбанов, Ғұсман Қырғызбаев, Назым Қызайбай, Ислам Сәтбаев. Олардың есімі академияның Құрмет тақтасына алтын әріппен жазылады.

Осындай керемет мүмкіндік сыйлапты🔥

2️⃣ Қазақстанда бірыңғай медициналық көмек туралы заң әзірленеді.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова айтып берді.

“Біріншіден, кепілдендірілген базалық және сақтандыру пакеттерінен тұратын медициналық көмектің бірыңғай пакетін қарастыратын заң жобасы әзірленеді. Ол өз кезегінде жүйені толық қаржыландыруды талап етеді. Сондықтан жобада қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ресми түрде жұмыссыз болып тіркелген азаматтар үшін жарнаны жергілікті бюджет есебінен төлеу, сондай-ақ, жарнаны есептеудегі табыстың жоғары шегі және төлемдердің ставкаларын қайта қарау көзделуде”, — деді Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында.

Енді жеңілдей түспек👍

3️⃣ 5G желісі 2025 жылдың соңына дейін барлық облыс орталығын қамтиды

Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық технологиялар денсаулық сақтау, бизнес пен білім беру саласына айтарлықтай оң әсерін беріп жатқанын атап өткен.

“Біз осы саланы белсенді дамытып жатырмыз. Бүгінде Қазақстан 30 цифрланған елдің бірі және онлайн қызмет көрсететін 8 елдің біріне жатады. Мемлекеттік қызметтің 90 пайызын мобильдік қосымша арқылы алуға болады. 2025 жылдың соңына таман 5G желісі барлық қала мен өңірлік орталықтарнды қамтиды”, — дейді Олжас Бектенов.

Тамаша😍